Темір жол қателікті кешірмейді

Қауіпсіздік
13.10.2025, 14:53

Қыркүйек айының 1-30 аралығында жарияланған «Шара қолданып, өмірді сақта!» республикалық айлығы аясында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белсенді жұмыс атқарды.    

Бұл айлық – теміржол бойында орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алу, тұрғындардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздік ережелерін сақтауын арттыру бағытындағы маңызды профилактикалық шара.

Бүгінгі тыныш өміріміз, ертеңгі жарқын болашағымыз темірдей тәртіп пен сақтыққа негізделуі тиіс. Ал еліміздің күретамырына айналған теміржол бойындағы қауіпсіздік – тек бір мекеменің ғана емес, барша халықтың ортақ ісі. Темір жол қателікті кешірмейді. Бір сәттік бейқамдық өмір бойғы өкінішке ұласуы әбден мүмкін.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі Ұлытау облысындағы Қоскөл станциясынан бастап, Түркістан облысындағы Шорнақ станциясына дейінгі аралықта пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл өңірдегі жетпіске жуық станция мен бекет арқылы күнделікті жолаушы мен жүк пойыздары үзіліссіз қатынап, талай тағдырлардың жолын тоғыстырып отыр.

Алайда, теміржол бойындағы адамдар қателігі мен салғырттықтың салдарынан орын алып жатқан келеңсіз жайттар жүректі ауыртады.

Мәселен, Белкөл мен Қызылорда арасындағы 2825-шақырымында  №3001 жолаушылар пойызы 10 сәуір күні мас күйде жүрген екі ер адамды қағып өткен. Шұғыл тежегіш қолданылғанымен, бір азамат ауыр жарақат алды, аяқ сүйегі сынған.1 мамырда  Жалағаш – Тереңөзек телімінде тағы да қайғылы жағдай. Пойыз астына түскен адам сол жерде қаза тапқан.

Тамыз айының 15 күні Тереңөзек – Жалағаш учаскесінде кәмелетке толмаған балалар теміржол бойында ойнап жүрген. Машинист дер кезінде тежегішті баспағанда, бұл да орны толмас трагедияға айналар еді.  

Қазіргі заманда қараусыз жүрген малдың теміржолға шығуы тек мал иесіне емес, бүтін бір қозғалыс жүйесіне қауіп төндіріп отыр. Жыл басынан бері 27 ірі қара пойыздың астында қалып, қаншама материалдық шығын мен қозғалыс кестесіне нұқсан келтірді. Бұған қоса, 2 рет теміржол өткелінде автокөлік жүргізушілерінің жол ережесін сақтамауы салдарынан пойыздардың тоқтауға мәжбүр болғаны тіркелді.

Балалардың пойыз терезесіне тас лақтыруы, теміржол бөлшектерін ұрлап сату, мас күйде жолға шығу – бұлар жай ғана құқықбұзушылық емес. Бұлар – адам өміріне төнген нақты қауіп! Мұндай әрекеттердің түбі тек түрме емес, өлім де болуы мүмкін екенін әркім ескеруге міндетті.

«Шара қолданып, өмірді сақта!» айлығы – осындай салдыр-салақтық пен бейқамдыққа қарсы күрес ретінде жүргізіліп жатыр. 1-30 қыркүйек аралығында өткізіліп жатқан бұл айлық – жай ғана шара емес, қауіпсіздікке үндеу. Жаңа оқу жылының басталуына орай, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі оқу орындары мен жергілікті әкімдікпен бірлесе отырып, балалармен қауіпсіздік тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Қыркүйек айының 22 күнінде 42 жиналыс, 423 оқушымен кездесулер өткізілді. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда.

Кенжегүл Қойшыбаева,  

Қызылорда магистральдық желі  

бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі  

бөлімінің инженері  

 

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды