Өндірісте зардап шеккендерге 30 млн теңгеде дейін өтемақы төленеді

Жаңалықтар
24.08.2021, 11:58
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер еңбекті қорғау саласында қабылдап жатқан кешенді шаралар өндірістік жарақаттарды азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Соңғы жылдары елімізде жарақаттану саны 15 пайызға төмендеген. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жұмысшыларымен арадағы Ұжымдық келісімшарты негізінде өндірісте бақытсыз оқиғаның құрбаны болып, жазатайым жапа шеккендердің жағдайы қараусыз қалмайды. «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитовтің айтуынша, бір теміржолшы жұмыста жүріп жазатайым оқиғадан қайтыс болып кетсе, заң және ұжымдық шарт бойынша оның отбасына келтірілген шығын төленеді.

– Өндірісте жіберілген қателіктің кесірінен көз жұмғаны нақты дәлелденсе, қайтыс болған теміржолшының отбасына компания оның 10 жылдық жалақысын немесе 10 мың АЕК көлемінде ақы төлейді, бұл дегеніміз – бүгінгі күнде 30 млн теңге. Ал 1,2-топтағы мүгедек болып қалса, соның жартысын, яғни 15 млн теңге төлейді.  3-топтағы мүгедек болса, 3 жылдық жалақысы төленеді. Сондай-ақ одан бөлек бір саусағын жоғалтып алу сияқты басқа да жұмысқа қабілеттілігі азаятын болса, оған қосымша 1 жылдық жалақысы төленеді, бұл ретте ол әрі қарай жұмысын жалғастыра береді, – дейді Ж.Сәбитов.

Оған қосымша, мүгедектерге көрсетілімі бойынша медициналық әлеуметтік сараптама комиссиясы шешім шығарады. Мысалы, аяғын кесіп кетсе, оған мүгедектігіне байланысты 10 жылға бір машина компания есебінен сатып алынып беріледі. Жағдайы болмаса комиссия шешімімен арба сатып алып береді. Сонымен қатар протезіне ақша, кей жағдайларда азық-түлікке, сосын алған жарақатына байланысты көзіне, барлық органдарына керек заттары бойынша көмек көрсетіліп отырады.

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды