АЭФ – жаһандық сұхбат алаңы
Жаңалықтар
31.05.2016, 11:19
Кеше елордада Астана экономикалық форумы өз жұмысын аяқтады. Оның аясында өткен маңызды шараның бірі Энергия, ресурстар және қарқынды даму тақырыбын қамтыған Жібек жолы елдерінің форумы болатын. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин «Еуропа мен Азияның инфрақұрылымдық өзара байланысы» сессиясының жұмысына қатысты.
Шараға қатысушы ҚХР, Ресей, Түркия, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдерінің жетекші сарапшылары – Еуропа елдеріне жүктер Қытай мен Орталық Азия елдерінен тасымалданатындықтан, Жібек жолын өркендету жобасы барлық әлемдік қауымдастық үшін аса маңызды деген пікірге бірауыздан келісті.
Асқар Мамин де өз сөзінде жобаның өте маңызды екенін атап өтті:
–Біз Ұлы Жібек жолы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, инфрақұрылымды дамыту туралы сөз қозғап отырмыз. Бұл жобалардың бәрі бүкіл аймақтың экономикасын дамыту үшін бірінші кезекте маңызға ие жобалар болып отыр, – деді ол. – Біздің тарапымыздан екі ірі экономикалық орталық Қытай, Азияның оңтүстік-шығыс елдерімен және еуропалық одақ елдері арасында мультимодальды және темір тасымалдарын дамытуға бағытталған стратегия жүзеге асырылуда. Біз аталған елдердің ортасында тұрып, осы стратегияны дамытуға негізделген инфрақұрылымды қалыптастырамыз. Әлбетте, біз бірінші кезекте алдымызға, тасымал көлемін арттырып, көлік әлеуетін дамыту бойынша мүмкіндікті ұлғайтуды мақсат етіп қоямыз.
«ҚТЖ» ҰК басшысының айтуынша, 2011 жылмен салыстырғанда, Қытайдан Еуропаға контейнер ағынын жүз есе өсіруге қол жеткізілді. Бұл жұмыс қатаң бәсекелестік жағдайында жүргізіліп отыр. Сонымен қатар іргелес елдердің серіктестерімен өзге бағдарлар – транскаспий дәлізі (Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия және Оңтүстік Еуропа елдерінің қатысуымен) және Солтүстік – Оңтүстік дәлізі (Иран, Түркіменстан, Парсы шығанағы елдеріндегі әріптестермен) бойынша жұмыстар жүргізілуде екен.
Асқар Мамин сондай-ақ, трансеуразиялық тасымалы үшін қолайлы жағдай жасау бағытында ҚТЖ-ның қандай әрекеттер жасап, амалдар қолданып жатқанын айтып өтті. Біріншісі, ол транзиттік бағдарлар бойындағы логистикалық операторлармен және инфрақұрылым иелерімен бірге серіктестікте жөнелту пунктінен жеткізілу нүктесіне дейін тұрақты контейнерлік пойыздардың ықпалдасқан көлік сервисін ұсыну болса, екіншісі, қызметтер сапасы, жүктердің жеделдетілген жеткізу мерзімі, теңізден транс-еуразиялық контейнерлік тасымалдың ыңғайластырылған сервисі екен. Нәтиже де бар, оны Қазақстан арқылы контейнерлік пойыздар санының артуынан көреміз. Ал үшіншісі, нарықпен жұмыс, жоғары-бағадағы жүктер нарығының тұтас сегменттерін теңестіру болып отыр. Бұл бағытта қытайлық әріптестермен, яғни зор экономикалық әлеуеті бар, 11 шет аймақпен тікелей жұмыстар жүргізілуде. Төртіншісі, магистральдық инфрақұрылымды дамыту. Бұл бағытта Қазақстанның ауқымды жұмыс атқарып жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, соңғы бес жыл ішінде 1700 шақырым жаңа темір жол желісі, логистикалық, автомобильдік инфрақұрылымдар салынған. Мұның бәрі Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтуде шығын көлемін азайту мүмкіндігін беріп отыр. Бесіншісі, халықаралық дәліздерді институциональды дамыту және интеграциялық бастамалар шеңберінде нақты емес кедергілерді жою.
–Барлық бағыттар бойынша жұмыстың аяқталуына әлі көп, сондықтан біз трансеуразиялық тасымалдар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша белсенді әркеттерге көштік. Жалпы менің айтпағым, оң шешімдер қабылдау арқылы біздің LPI индексін жақсарту міндеті тұр алдымызда және де 2020 жылға қарай барынша үздік логистикалық климаты қалыптасқан 40 мемлекет қатарына кіру. Біз осы бағыттағы жұмысымызды жалғастырмақпыз және де ол жемісті нәтижесін береді деп ойлаймын, – деп өз ойын білдірді Асқар Мамин.
Бас теміржолшы сөзіне қарағанда, Компанияның транзиттен кірісі, бүгінде 30% деңгейін құрап отыр. Ал 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті 50% дейін жеткізу көзделген.
–Қазақстан Жібек жолы жобасында маңызды рөлге ие, өйткені, Қазақстан аумағы жоба бағдарының үлкен ара қашықтығын қамтиды, – деп атап өтті DP World басқармасының төрағасы Султан Ахмед Бин Сулайем. – Бүгінгі таңда теңіз арқылы Қытайдан Еуропаға жүк тасымалы 42 күнді құрайды. Сондықтан жүк жеткізудің басқа жолын іздеу таңқаларлық жағдай емес. Ал оның бір жолы, темір жол арқылы өтетін Жібек жолын дамыту. Бұл жолмен тасымал бар жоғы 12-13 күнді құрайды.
Султан Ахмед Бин Сулайем осыншама уақыттың үнемделетініне қарамастан, темір жол тасымалы теңіздікіне қарағанда мейлінше қымбатқа түсетінін атап өтті.
–Сондықтан керегі, бәлкім болашақта солай да болатын шығар, Қытай өзінің өндірістік мүмкіндіктерін Еуропаға, яғни Қазақстан жағына жақынырақ қоятын шығар. Қазір Қазақстан логистикалық хаб ретінде өзінің Хоргос портын дамыту арқылы, көлік мүмкіндіктерінің барлық артықшылығын пайдаланбақ, – деді Султан Ахмед Бин Сулайем.
Форумға қатысушылар Ұлы Жібек жолын өркендету бағытындағы жобаны жүзеге асыру үшін қажетті деп танылған бірнеше маңызды сәттерге тоқталды. Олардың арасында хабтарды, магистральдарды дамыту, жобаға қатысушы-елдердің кедендік реттеуіне өзгерістер енгізу, тағысын тағы мәселелер еді. Сондай-ақ, түрлі экономикалық аймақтар құру мүмкіндіктері де қарастырылды.
Ал өз кезегінде Қаратеңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Майкл Кристидис, Жібек жолының өркендеуі, аймақтық ынтымақтастықты есепке алмай, мүмкін емес екенін айтып өтті.
Ұлы Жібек жолы елдерінің форумы шеңберінде, энергетикалық, экономикалық ынтымақтастық және сауда, сондай-ақ, бірлесе дамудың жалпы жобаларын жүзеге асыру аясында өндірістік қуаттылықты арттыру мәселелері қаралды.
Дина МУЗДУБАЕВА,
Ислам ТАЛҒАТ
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл