Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы жолаушыларға еске салады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қауіпті және тыйым салынған заттарды пойызға алып өту әрекеті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Осыған орай компания жолаушыларға сапарға шығар алдында алып жүруге тыйым салынған заттардың тізімімен алдын ала мұқият танысу қажеттігін қатаң түрде ескертеді.

Пойызға қандай заттарды алып өтуге болмайды?

● Жарылғыш заттар мен құрылғылар, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдар: салюттер, фейерверктер және жарылыс қаупі бар өзге де заттар.

● Радиоактивті, есірткілік және психотроптық заттар, сондай-ақ тез тұтанатын сұйықтықтар мен химиялық қоспалар: мысалы, бензин, метил эфирі, метанол және сол сияқты қауіпті заттар.

● Тұтанғыш қатты заттар. Улы, күшті әсер ететін және уландырғыш заттар (сұйық немесе қатты күйде).

●  Инфекциялық немесе биологиялық тұрғыдан қауіпті материалдар: жұқпалы ауру тудыруы мүмкін заттар мен оларды қамтитын бұйымдар.

● Барлық түрдегі қару-жарақ: атыс қаруы, лақтырмалы, электрлі, механикалық, газды және травматикалық қару, сондай-ақ, суық қару: пышақтар, қанжарлар, штык, қылыш, палаш, ятаган, тесаки, кастет, кистень, стилет, шашка, семсер және соққы-дробящий әсері бар өзге де заттар.

●  Оқ-дәрілер мен патрондар: соғысқа арналған, жарық-дыбыстық, холостық, травматикалық әсері бар, аңшылыққа арналған жабдықталған патрондар және басқа да атуға жарамды снарядтар.

Сапар алдында жолаушылар вокзалдарда міндетті түрде қауіпсіздік тексеруінен өтеді. Бүгінде еліміздің ірі теміржол вокзалдары рентген-телевизиялық қондырғылармен, стационарлық және қол металл детекторларымен, сондай-ақ портативті анықтау құрылғыларымен толық жабдықталған. Сонымен қатар, бейнебақылау, дабыл беру және күзет жүйелері үздіксіз жұмыс істейді. Жолаушылардың қауіпсіздігін тәулік бойы полиция қызметкерлері мен күзет ұйымдарының өкілдері қамтамасыз етеді.

Сапар кезінде де қауіпсіздік үнемі қатаң бақылауда. Пойыздарда орнатылған бейнебақылау жүйесі арқылы жүргізілетін жазбалар тек «Жолаушылар тасымалы» АҚ Ситуациялық орталығының уәкілетті қызметкерлеріне ғана қолжетімді. Бақылау тәулік бойы жүзеге асырылады және вагондар, кіру-шығу есіктері мен жалпы қолданыстағы аймақтар арнайы камералармен толық қамтылған.

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты