Табыс кілті – жүк түрлерін әртараптандыру

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жауға атылған әр бесінші оқ Шымкенттің Қорғасын зауытынан жөнелтілген деседі. Алып зауыттың өнімін тасымалдау үшін ашылған бекет әлі жұмысын тоқтатқан емес. Әрине, зауыттың баяғы қарқыны жоқ, дегенмен басқа жүктер есебінен жүк айналымы тоқтаған емес.   Соңғы екі жылмен салыстырғанда  станция арқылы жүк айналымы 10 пайызға өсіпті. Тиелетін жүктің негізін электр жиынтығын шығаратын зауыттың өнімі, «Атамекен» диірменінің ұны құрайды. Дегенмен, ұн, ағаш, металл сынықтары сынды ұсақ-түйек басқа жүк түрлері де көп. Соңғы жылдары жүк түрлерінің әртараптандырылуы станцияға жақсы табыс беріп тұр. – Ай сайын 40 вагон жіберілсе, 300-400 вагоннан жүк түсіріледі. Айлық жоспарға сай, бір айда 100 вагон жүк жөнелтсек, соған сай келесі айда күніне 3 вагон жібереміз. 60 вагон жіберсек, күніне 2 вагоннан, 30 вагон жіберілсе күн сайын бір вагоннан  жүк тиеймиз.  Клиенттердің жүкті көп, кейде аз әкелуіне байланысты жоспар өзгеріп тұрады. Қорғасын, Бадам, Игілік бекетіне бір маневр локомотиві берілген. Екі пойыз құрастырушының бірі күндіз, бірі түнгі ауысымда жұмыс істейді. Үш бекеттің арасы ұзақ. Игілік станциясынан 4 км жерде Оңтүстік аймақтық көліктік логистикалық орталық бар. Көліктік кешен жұмыс істей бастаған  екі айдан бері Игіліктегі мамандар аздық етіп, біздің бекеттің екі пойыз құрастырушысы, тауар кассирі, жүк қабылдап-жөнелтуші логистикалық орталықта  теміржолдың АСУ ДКР бағдарламасымен жұмыс істеп жатыр. Жүктерін сақтайтын қойма іздеген клиенттерді сол кешенге жібереміз, орталық жұмысы артқан сайын жүк те көбейіп келеді, – дейді станция бастығы Серғазы Сайрамбаев.   Сәуірде 27 вагонның орына 30 вагон жүк тиелсе, 360 вагонның орнына 464 вагоннан жүк түсірілген. Жалпы, төрт айда жоспардағы 179 вагонның орнына 241 вагонға жүк артылып, меженің орындалуын 134 пайызға өсірген. Вагон айналымы бір тәулікте 17,5 сағатта іске асуы тиіс болса, ол 15,98 сағатта орындалған. Бір жүк операциясы кезінде вагондардың айналымы 16,0 сағаттың орнына 15,2 сағатта орындалған. 1491 жүктің орнына іс барысында 1691 жүк түсіріліп, жоспардың орындалуын 113 пайызға жеткізген. Биыл «Станция бастығының жылы» болып белгіленуіне орай, бекет басшылары жұмысты ширатқан. Станция бастығы Серғазы Кеңесұлының айтуынша, пойыздың қауіпсіз жүріп-тұруы үшін әрбір теміржолшы техникалық пайдалану мен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің, белгі беру және байланыс нұсқаулығын білу керек. Жылға жасалған жоспар тоқсандықтарға бөлінеді. Әр тоқсандық айға бөлінеді. Солардың тақырыбына сай, ай сайын екі техниалық сабақ өткізіледі. Сабақтан кейін 15 сұрақтан тұратын сынақ алынады. Соның орнына жауап берсе, сынақтан өткені, дайын болмаса, тағы бір жұма дайындалады. Шымкент жол бөлімшесіндегі қауіпсіздік бөлімінің бастығы Асанбек Құсайбаев, қауіпсіздік ревизоры Нұрлан Дүйсебаев, оқыту шебері Ғани Мұратбаев, техникалық бөлімнің бастығы Ілияс Нұржановтар күнделікті жоспар жіберіп, қадағалап, ара-арасында өздері сабаққа келіп қатысып, жұмысшыларға білмегенін үйретеді екен.  Жұмыс аптасының әр дүйсенбісінде станция бастығы әріптестерін жиып қауіпсіздіктен бастап, келген телеграммалар негізінде жиын өткізеді. Әрі сол күні тиелетін  жүк жоспарланады. Қорғасын станциясында  табло микропроцессорлық жүйеде жұмыс істейді. Талапқа сай екі монитор тұр, компьютердің көмегімен бұрмаларды аударып отырады. Қосымша қор ретінде қолмен басқарылатын бұрынғы табло да бар.   Станцияда мамандар тұрақты. 20 жылдан бері станция кезекшісі қызметін атқаратын Равиль Сераевтен жастардың үйренері көп. Пойыз құрастырушы Сапар Жұмабаев, Базарбай Бектұрғановтар да  өз ісін жетік меңгерген тәжірибелі теміржолшылар. Барлығы бес станция кезекшісі, жеті пойыз құрастырушысы, жеті жүк қабылдап жөнелтуші, 4 тауар кассирі еңбек етеді.   – Пойыз құрастырушы вагонды ағытып, жалғарда машинистпен, кезекшімен регламентті дұрыс сақтап, вагоннан секіріп түсіп, секіріп мінбей, асығыс вагонның астынан өтпей өз қауіпсіздігін сақтап жүруі қатаң талап етіледі. Жүк қабылдап-жөнелтушілер 5-3 метр алыстан вагонды айналып өтуі керектігі, үш бекетті қамтамасыз ететін  пойыз құрастырушылардың демалыс кестесін қатаң сақтап, өз денсаулықтарына көңіл бөлуі қадағаланады. Жалпы, машинистер пайдаланатын салалық зейнетақы пойыз құрастырушыларға да қарастырылса деген өтініш бар, – дейді бекет бастығы.

Динар МЕЙІРМАН, Қорғасын

Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды