Машинист мерейі

ҚТЖ келбеті
04.08.2023, 10:34
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Мұхтардың балалық шағы теміржол бойындағы шағын станцияда өтті. Күнұзақ әрі-бері ағылған пойыздар оның бала қиялын тербетіп, өзін анау алып тепловоздың кабинасында отырған машинист сезінетін.

Жылдар өте ол арманы орындалып, мақтаулы машинист атанарын ол кезде әрине білген жоқ. Шу локомотив пайдалану депосының Сарышаған станциясындағы айналым депосында еңбек ететін Мұхтар Құтжан – үшінші санатты тепловоз машинисі.  

– Тоқсаныншы жылдардың басында еліміз Тәуелсіздік алғанда жұмыссыз қалған көп азамат болат жолдың келешегіне сеніп осы салаға ағылды. Шындығын айтқанда сол тоқырау кезеңде тұралап қалған ауылдың тірлігін түзеуге теміржолдың үлесі зор болды. Бүгінгі күні жеті мыңға жуық тұрғыны бар Сарышаған кентінің 75 пайыз тұрғыны болат жолда еңбек етеді. Қала берді сонау кеңестік кезеңде картада көрінбеген Приозерск кентінің бүгінгі тұрғындары да осында келіп еңбек етеді. Сондықтан биыл 70 жылдығын атап өткелі отырған, тоғыз жолдың торабындағы Сарышаған кентін теміржолшылар кенті деуге толық негіз бар. 70 жылда қанша ұрпақ ауысты. Теміржолшылар династиясы қалыптасты, сабақтастық үзілмеді. Бұл кент – осында тұрып еңбек етіп жатқан біз үшін жер кіндігі, – дейді Мұхтар Мәдібекұлы.  

Кейіпкеріміз теміржолшылар әулеті хақында текке айтпаса керек. Үлкен ағасы Нұрлан әскерилендірілген темір жол күзетінің Сарышаған станциясындағы құрылымын басқарып, зейнетке шыққан. Екінші ағасы Сүлеймен Сарышаған электрмен жабдықтау дистанциясы тартымды қосалқы станциясының бастығы. Ізін басып келе жатқан інісі Төлеуқұл Сарышаған айналым депосында электровоз машинисі. Ал өзі 2008 жылы машинист көмекшісі болып бастап, 2014 жылдан бері тепловоз тізгінін ұстап келеді.  

Машинист жігіттің мерейін үстем етер жағымды жаңалықты құлағымыз шалды, Мұхтар Құтжан биылғы кәсіби мерекеге орай марапатқа ұсынылып отыр екен.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды