Теміржолшы отбасы «Еңбек Жолы» байқауында жеңіске жетті

ҚТЖ келбеті
07.09.2023, 10:48
Оқуға 4 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елімізде 10 жылдан бері қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні ретінде аталып келе жатыр. Биыл бүкіл ел үшін маңызды әлеуметтік институтқа арналған мереке 10 қыркүйекке сәйкес келіп отыр. Осыған орай өткізілетін «Еңбек жолы» байқауының өңірлер бойынша жеңімпаздары анықталды.  

Байқаудың өңірлік кезеңі бойынша «Үздік еңбек әулеті» аталымында бірінші орынды теміржолшы Амангелдиновтер отбасы иеленді. Бұл отбасының теміржолдағы жалпы еңбек өтілі 800 жылдан асады. Династия қалыптасқалы теміржолшы мамандығын әулеттің 26 мүшесі таңдап, солардың бәрі 8 ғасырлық еңбек өтілін жасаған. Аталған теміржолшылар әулетінің бүгінгі соңғы төртінші буын өкілі, астаналық Ләйлә Амангелдиновамен хабарласып, атақты отбасы туралы мағлұмат алдық.  

Бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің менеджері болып еңбек ететін Ләйләнің саладағы тәжірибесі - 11 жыл. Оның айтуынша, династияның көш басында оның арғы атасы Орыспек Амангелдинов тұр. Ол теміржол саласында 1919 -1974 жылдар аралығында Матай жол дистанциясында жолшы, жол бригадирі, жол шебері, аға шебер болып еңбек етіп, осы династияның негізін қалаған. Салаға сіңірген еңбегі үшін кеңестік кездегі ең үлкен марапаттарға ие болған. Ал соның ішінде ең үлкені «Құрметті теміржолшы» атағын 1958 жылы алады. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, ұрпақтарын теміржол саласына бейімдеп, өзі 1995 жылы өмірден өтеді. Адал, ашық мінезді, еңбекқор азаматтың ізін бүгінде немерелері мен шөберелері жалғап келеді. Өзінен тараған 1 қыз, 6 ұлы – Әнуарбек, Балшекер, Есенгелді, Шалқар, Шәкәрім, Талғат, Бауыржан теміржол саласын таңдап, олардың жұбайлары мен  ұрпақтары да теміржолға бет бұрды. Ләйлә – Орыспек ақсақалдың осы ұлдарының ішінде үлкені Әнуарбектің Бекежан деген баласынан туған қыз.  

– Атап айтқанда, менің атам Әнуарбек Амангелдинов теміржолдағы қызметін 1956 жылы теміржол мектебінің мұғалімі болып бастаған. Семей жол бөлімшесіне қарасты мекемелерде кадр және басқа да әлеуметтік мәселелер саласында 38 жыл еңбек етіп, ол да «Құрметті теміржолшы» атағын алады. Оның әйелі, менің әжем Мафруза 40 жыл Семей жол бөлімшесінің балабақшасын басқарады. Одан тараған қыздары – Алма қайғылы жағдайда көз жұмғанға дейін 9 жыл Жаңа Семей станциясы бастығының көмекшісі болса, екінші қызы Ләззат еңбек жолын 1978 жылы бастап, бүгінде Семейде билет кассирі болып еңбек етуде. Менің әкем Бекежан 33 жыл теміржолда еңбек етіп, белгі беру және байланыс, электрмен жабдықтау және теміржолдағы оқу ағарту саласында еңбек етеді. Анам Альбина 1991 жылы билет кассирі болып жұмысын бастап, кейін вагон құрастыруды дамыту саласында қызмет атқарған. Жалпы бүгінгі таңда мен әзірге Амангелдиновтер теміржолшы әулетінің ең кіші өкілімін. Үлкендердің көбі бақилық болып кетсе, біразы зейнет жасында. Түбіміз Семейден болғанымызбен, мен бүгінде Астанадағы теміржолшы өкілі ретінде байқауға өтінім бергендіктен біздің әулет елорданың атынан шығып отыр,  – дейді Ләйлә Амангелдинова.  

Орыспек ақсақалдың қалған балалары – Балшекер Орысбекқызы 1962 жылы еңбек жолын Ақтоғай станциясында теміржолшылар мектебінде мұғалім болып бастап, оқу ағарту саласына еңбек сіңіреді. Есенгелді Орыспекұлы 49 жыл теміржолда локомотив пайдалану саласында еңбек етіп, 2007 жылы зейнетке шығады. Шалқар Орыспекұлы 47 жыл Семей жол бөлімшесінде жұмыс істесе, Шәкәрім Орыспекұлы 1967 жылдан бері Семей локомотив депосында еңбек жолын бастап, бүгінде осы өңір жол бөлімшесінде бөлім басшылығы қызметінде. Талғат Орыспекұлы 1973 жылы жұмысын бастап, бүгінде жолсерік болып істейді. Бауыржан Орыспекұлы теміржолдағы еңбек қорғау саласында 27 жыл еңбек еткен. Бұл азаматтардан тараған ұл-қыздары да теміржолды таңдаған. Орыспек ақсақалдың інісі Мақанның ұлы Мәкей теміржолда 39 жыл еңбек еткен.  

«Еңбек жолы» байқауының «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында бірінші орынды «Астана-РЭК» АҚ II санатты инженер Айнұр Байбатырова иеленді. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында Астана қаласы әкімдігінің «№38 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК тарих пәнінің мұғалімі Гүлзия Иманбаева жеңіске жетті. Биыл 1 мамыр мен 1 шілде аралығында аталған байқауға қатысуға 80 өтінім қабылданыпты. Конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды