Жауапкершілік жүгі жеңіл емес

Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе белгі беру және байланыс дистанциясының аға диспетчері Айгүл Сәрсенбай – өз жұмысының барлық қиындығы мен жауапкершілігін арқалап, алдыңғы лекте тұрған өз ісінің кәсіби маманы.

Шалқар ауданында дүниеге келген Айгүл Сәбуқызының 35 жылы осы дистанцияда өтіп келеді. Ақтөбе теміржол техникумына оқуға түскен күні кеше ғана секілді. 1989 жылы техникумды бітіріп, автоматика- телемеханика мамандығы бойынша диплом алып, алғашқы еңбек жолын Шалқар белгі беру-байланыс дистанциясында бастағаны да күні бүгінгідей көз алдында. 2003 жылға дейін Шалқарда тәжірибе жинап, өндіре еңбек етті. Сосын Ақтөбедегі орталық ШЧ-5 мекемесіне ауысып, диспетчер болып еңбек жолын жалғастырды. Ақтөбе – Жайсаң, Ақтөбе – Қандыағаш, Ақтөбе – Әйтеке би учаскелерінде қозғалысты, бұрмалар мен бағдаршамдардың мүлтіксіз қызметін қадағалау міндетін ұзақ жыл бойы мүлтіксіз атқарып келеді. 2021 жылдан бастап аға диспетчер болып жоғарылады. Қазіргі міндеті күрделі әрі жауапты. Жылжымалы құрамның кідіріссіз жүруін бақылайтын мамандардың бірі. Тұрып қалған тепловоздарға талдама жасап, ақау себептерін зерттейді, тіркейді. Жолда қалған тепловоздарға қатысты барлық мәліметті жинап, диспетчерлер жұмысын қадағалайды. Қарамағында 5 диспетчер бар.

– Темір жол – қиындығы да, қызығы да қатар жүретін сала. Түрлі ақаулар болады, механиктерге хабарласамыз, шақыртамыз. Механиктер әзіл-шыны аралас «сен хабарласпашы, номеріңді көрсек бір жерде ақау боп жатыр деп төбе шашымыз тік тұрады» дейді, – деп күліп алды Айгүл Сәбуқызы.  

Кейіпкеріміз ұстаздар отбасында тәрбиеленген екен. Әкесі де, анасы да өмір бойы бала тәрбиелеген ұстаздар. Әкесі Шалқарда мектеп директоры, Ақтөбеде колледжде оқытушы болған. Айгүл де, бауырлары да теміржолшылар. Аталары да өмір бойы темір жолда тер төккен екен.  

«Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен» деген әдемі сөз бар. Бұл Айгүлдей аналарымызға арналғаны шындық. Түзде пойыздар қозғалысына жауапты болса, үйде отбасы ұйытқысы. Ұл-қызы – бүгінде бір-бір мамандық иесі.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды