Жолсерік қызметінде - 30 жыл

ҚТЖ келбеті
07.02.2020, 12:14
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің алғыс хатын иеленген «Жолаушылар тасымалы» компаниясының жолсерігі Кенжегүл Қасымованың еңбек өтіліне отыз жыл. Тәуелсіздік алған жылдардағы темір жолдың жұмысын, жолаушы халықтың жағдайын, одан бергі кездегі даму үдерісін көзбен көріп, талай тар жол, тайғақ кешуге куә болған жолсерік.

 «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы пойыз жолсерігі Кенжегүл Қасымова бұл салаға 18 жасында келіпті. Ата-анасынан ерте айрылған қыз еңбекке де ерте араласыпты. «Жол үстінде жүргеніме 30 жыл болды. Бала күннен армандаған жұмысым болған соң, шаршап-шалдықсам да жалыққан емеспін. Бала кезден пойыздың ішінде жұмыс жасасам деп армандайтын едім. Есімде, 7-сыныпта оқып жүргенімізде мұғалім «Кім болам?» тақырыбына шығарма жазғызды. Сол кезде мен пойызда жолсерік болуды, жолаушыларға қызмет көрсетуді армандаймын деп жазып бергенімде апайым шығармамды қайтадан жазуымды сұрады. «Жолсерік мамандыққа жатпайды, мұғалім не дәрігер болам деп жаз» дегені есімде. Сол кезде жолсерік те мамандық екенін айтып талайлармен дауласқан мен ақыры тілегіме жеттім. Талай жерде табандылық танытып, осы салада қалғаныма ризамын», – дейді ол.

Жол үстінде өзі куә болған, естен кептес оқиғалар туралы айтып беруді өтіндік.

«Бір рет 90 жастағы әже мінді. Балалары қарап қоюымды сұрады. Әрине, тоқсан жастағы жолаушыға қызмет көрсетпегенде кімге көрсетем?! Ақтөбеге жеткенше шай-тамағын беріп, әңгімемді айтып қасына жиі келіп-кетіп тұрдым. Әжем түсерінде бетімнен сүйіп, жылап қоштасып, батасын беріп кетті.

Анамнан ерте айрылған маған сол әженің құшағы ыстық көрінді ме, мен де қимай көңілім бұзылып қоштастым... Бірде Атырауға бара жатқан әжені баласы шығарып салды, екеуі сыртта ұзақ сөйлесті. Әженің түрі шаршаңқы болды. Төсегін салып берсек те апа жатқан жоқ. Тек терезеге қарап отырды. Атырауға жақындап қалғанда қасындағы жолаушылар апаның құлағанын айтып жүгіріп келді. Қолын ұстаған кезде жүріп кеткенін түсіндім. Жүрегім мұздап кетті... Кейін естідік, бір апта бұрын шалы қайтыс болған екен. Осындай жағдайларды көру қиын. Ал енді пойызда босану бүгінде қалыпты жағдай болып кеткені сонша, жолсеріктерге мұндай кезде қалай әрекет жасауды үйрететін болды», – деп күлді. Кейіпкеріміз 1971 жылы Шалқар қаласында дүниеге келген.

Үлкен отбасында өскен екен. Сегізінші сыныпты бітірген соң үш жыл станция кезекшісінің оқуын оқиды, жұмыс іздеп жүріп газеттен жолсерік керек деген хабарландыруды көріп, іздегенге-сұраған жетіп барады. Ондағылар мұны қомсынып, әлі жас екенін, жұмыстың қыз балаға лайықты емес екенін айтады. Түрі бала секілді болған шығар, үйден үлкен адамды ертіп келуін сұрайды.

«18 жастан асқан кезім. Үлкен апам келіп, менің жауапкершілігім бар екенін, пойызда жұмыс жасауды армандайтынымды айтты. Осылай 1990 жылдың 6 қыркүйегінде жұмысқа орналастым» дейді Кенжегүл. Міне, содан бері сынаптай сырғып отыз жыл өте шығыпты... «Алғашында жолсерік боламын дегенімде үлкен ағам қарсы болған. Өзі полицияда жұмыс жасаған соң үй бетін көрмей қыз баланың сыртта жүргені жарамайды деді. Мен бұл жұмысқа кірмесем, басқа жұмыс істемеймін деп жылағанымды қазір ойласам күлкім келеді. Ақыры айтқаным орындалды. Біз жұмысты бастаған жылдары вагондардың сапасы нашар болатын. Ешқашан жылымайтын, аңғал-саңғал вагондарда жүреміз. Көмір де аз беріледі. Қанша жақсақ та вагонды жылыта алмаймыз. Қазір рахат қой, вагондар тоқпен жылиды. Баяғыдай қиналып от жақпаймыз. Жолаушыларға да Батыс пойызы ұнайды. Іші кең, қыста жылы, жазда үнемі кондиционер істеп тұрады», – дейді мамандығы туралы әсерленіп әңгіме айтқан кейіпкеріміз.

2016 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті болған Асқар Маминнің алғыс хатына ие болған Кенжегүл адал еңбегі үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ директорынан үш рет марапат алыпты.

«Мамандығыңды жақсы көрсең, қай жұмыстың да қиыны жоқ. Вагонның іші қайнаған өмір. Кейде теледидардан көретін атақты адамдар, өнер адамдары мінеді. Кейде шетелдіктер кезігеді. «Сәлеметсіз бе?», «Не қалайсыз, тамақ жейсіз бе?», тағысын тағы ең керекті сөздерді үйреніп алдым», – деп күлген кейіпкеріміз бүгінде жолсеріктерге қойылған талап үдесінен шығу үшін ағылшынша тіл сындырып жүр екен.

Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді