Темір жолда 44 жыл еңбек еткен кәнігі маман 60 жаста
ҚТЖ келбеті
26.07.2021, 08:18
Ғасырдан астам тарихы бар Шалқар локомотив жөндеу депосы бүгінгі күнде замана көшінен қалмай, технологиялық процестерді жетілдіруге өз үлесін қосып келе жатқан іргелі мекеме.
Бүгінгі таңда 400-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр- ған депо ұжымы дамудан кенжелеп қалмай, өндіріске озық технологияларды енгізіп, соған орай жоғары марапаттарға ие болып келеді. Атап айтар болсақ «Қамқор менеджмент» ЖШС және «Дженерал электрик» компаниясымен бірге барлық деполар арасында қауіпсіздік шараларын сақтау, тепловозды ақаусыз жөндеу, цехтардың тазалығы т.б. саладағы жетістіктері салыстырмалы сараланып, нәтижесінде ұжымға «Алтын каска» сыйлығы табыс етілді.
Ұжым еңбегінің жоғары бағалануы оларға жаңа серпіліс, тың талпыныс сыйлады. «Қамқор менеджмент» экологиялық қайта жаңғыруы бағдарламасы аясында қалада «Kamkor Park» акциясына қатысып, теміржолшылар паркі ішіне 300 түп шырша, қарағай отырғызып, теміржолшылардың демалып серуендеуіне ықпал етті.
Ұжым аудандағы іргелі мекеменің бірі болғандықтан қалада өткізілген қайырымдылық шараларында да белсенділік танытып, мұқтаж жандарға материалдық көмектер ұйымдастырып, халықтың ықыласына бөленіп басқа теміржол мекемелеріне үлгі болып келеді. Осындай жетістіктерге жетіп отырған мекемені басқарып отырған, 44 жылдан бері еңбек жолын тек осы мекемеде өткізіп келе жатқан, тепловоз жөндеуші болып бастап, депо директоры қызметіне дейін көтерілген Нұржан Жұбатов шілденің 26-да асқаралы 60 жасқа толғалы отыр. Өзінің көп жылғы тәжірибесін ұжымда тәртіпті сақтау, жастарды кәсіби тәрбиелеуге арнау, ардагерлерді құрметтеу сынды ұлағатты іске жұмылдырып, нәтижесінде жоғарыда аталған жетістіктерге қол жеткізуде депо басшысының ерен еңбегі жатқандығы анық.
«Еңбек ер атандырады» дейді халқымыз, қашан да жақсы істің жаршысы болып, өндірісті өрге сүйретуде талмай ізденісті серік еткен Нұржан Үбайдуллаұлына депо өміріне әлі де тың жаңалықтар, үлкен жетістіктер әкелетініне сенім білдіріп, мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, отбасы бақытын тілейміз.
Темірхан ҚАДЫРОВ, құрметті теміржолшы, Шалқар станциясы
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті