Қызылордада бір әулеттен төрт машинист шыққан

ҚТЖ келбеті
30.07.2021, 11:25
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинисі Әлібек Сейткамалов теміржолшылар әулетінің өкілі екенін, бір әулеттен төрт машинист шыққанын мақтан тұтады. Қызылорда қаласында әулеттің негізін қалаған Сағидолла қарияның қара шаңырағында 1967 жылы дүниеге келген Әлібек атакәсіпті абыроймен жалғастырып келеді. – 1987 жылы әскер қатарынан оралып, осы Қызылорда депосының құрылыс цехына жұмысшы болып жұмысқа орналасқаннан кейін осы деподағы машинист көмекшілерін дайындау курсында оқыдым. Сол жылы оқуға қабылданған 30 баланың жартысына жуығы жауапкершіліктен қашқақтап оқуды тастап кетті, мен болашақ мамандығымды бала кезден армандаған соң машинист болмай қоймаймын деп шештім. Шын мәнінде, тепловоз машинисі болу үшін ең бірінші мамандыққа деген құштарлық пен жауапкершілік, өзіңе сенімділік керек, бұл кез келген маманның бойынан табылуы тиіс талап болғанмен, бұл салада жауапкершілік пен сенімнің орны ерекше саналады. Әкем Сағидолла да біздің құлағымызға осыны құйып өсірді, – дейді Әлібек Сейткамалов. Депо машинистерінің жұмысы ол кезде ауыр болғаны белгілі. Ол уақытта депода тасымалға қолданылатын өз араларында «машка», «вишка», «луганка», «тройка» атап кеткен тепловоздар ауыр болды, жұмыстың басым бөлігі механикалық түрде қолмен атқарылатын. Ал, қазір заман талабына сай жабдықталған «эволюшндер» келгелі бері жұмыс, әрине, анағұрлым жеңілдеген, дегенмен жауапкершілікке қойылатын талап күшейген. Тасымал процесінде қауіпсіздікті сақтауды арттыру әр теміржолшының басты қағидасы болғандықтан машинистке жүктелетін талаптың бәсі де жоғары болмағы белгілі. – Әлібектің ағалары Гена мен Юра да осы де- пода машинист болып зейнетке шыққан. Қазір ағасы Алик екеуі – депоның үлгілі де тәжірибелі машинистері. Әлібек Сағидоллаұлы өзіне тапсырылған жұмысын тиянақты атқаратын тәжірибелі, теориялық тұрғыдан білімді, кәсіби міндетін сауатты жүргізетін, инструкциялық талаптарды мүлтіксіз орындайтын жауапкершілігі жоғары машинист, жыл басынан бері 1215 кг дизель отынын үнемдеп, өзгелерге үлгі көрсетті, – деді депоның кадр бөлімінің басшысы Шарида Әбдіреева.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті