Атырау станциясы - мұнайлы өңірдің бас қақпасы

Фоторепортаждар
29.07.2019, 10:50
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау станциясы – бірінші класты учаскелік станция болып саналады. Аймақта ірі мұнай, газ кеніштерінің жаңадан пайда болып, олардың өнімдері мен қажетті халық шаруашылығы жүктері тасымалының еселеп өсуіне орай Атырау станциясының маңызы «қара алтынға» жол тартылған алғашқы жылдардан бастап арта түспесе, кеміген емес.

Жедел қарқынмен дамыған мұнай өнеркәсібі станцияның да ұдайы дамып, жетілдіруін талап еткен. Алғашында ұзындығы 850 метр болатын 10 қабылдау-жөнелту жолынан тұрған станция өсе келе екі есе ұлғайды. Алдымен 6 жолдан тұратын сұрыптау паркі салынып пайдалануға берілді. Сондай-ақ ұзындығы 1250 метр болатын 9 қабылдап-жөнелту жолы, 6 сұрыптау жолы, аз қуаттағы дөңес іске қосылды. №26, №27, №35 үш тартымдық жол бар. Соңғыларына 85-90 вагон сыйса, №26 тартымдық жол, өкінішке орай, қысқа, тек 54 вагон ғана сыяды. Ал ол вагондарды тарату кезінде екіге бөлініп, едәуір қиындық туғызады. Оны ұзарту мәселесі көптен айтылып келе жатқанымен, әлі күнге шешілмей отыр.

Станцияда жүк және қозғалыс цехтары да жұмыс жасайды. Станция бойынша жұмыс өнімділігі 2018 жылдың өткен мерзіміндегі алты айлық көрсеткіштермен салыстырғанда өскені байқалады. Маусым айында орташа тәуліктік жүк тиеу көлемі жоспарда 0,7 вагон болса, нақты 5,2 вагон тиеліп, 742,9 пайызды құраған. Тоннамен есептегенде 190,5 тонна тиеліп, жоспар 645,89 пайызды құрапты. Көрсеткіш жаман емес. Ал жүк түсіру тәулігіне 76,2 вагон болып, 95,0 пайызға жетті. Жергілікті вагондардың тұруы 11,12 сағат орнына, 10,9 сағат болып, 100,0 пайызға жеткен. 2019 жылғы жартыжылдық көрсеткішке келсек, орташа тәуліктік тиеу жоспардағы 6,1 вагон орнына 6,3 вагон болып, 103,3 пайызды құраған. Тоннаға шаққанда 264,8 тонна болып, 101,1% орындалған. Жүк түсіру көлемі 58,6 вагон, орындалуы 111,2%. Статистикалық салмақ 97,7 пайызға орындалды. Жұмыс паркі 288 вагонды құрап, 94,1% болды. Жергілікті вагонның тұруы да 103,0 пайызды құрап, жоғары межеден көрінді. Вагондарды пайдалану, маневрлік жұмыстар, жоспардан тыс вагонның бөлінуі, жүкті және жылжымалы құрамдарды сақтау, вагондардың құжаттарда көрсетілген уақытынан артық тұруы табыс көзін арттырған.

Бұл күндері Атырау станциясында вагондардың жөнелтілуі 5 бағытта жұмыс жасайды. Ақсарай түйіспесіне – үш бөліктен тұратын вагондар (жоғары Басқұншақ, Астрахань, Грузия, Әзербайжан республикалары жолдарына), Мақат бағытында (Орта Азия, Маңғышлақ түбегіне, Қандыағашқа), Ақжайық және Теңдік станцияларына республикаға маңызы бар Атырау мұнай өңдеу зауытына бос және жүк тиелген вагондар сұрыпталып жеткізіледі. Ал Махамбет станциясына – «Ақтөбемұнайгаз», «Қазмұнайгазсауда», «Батыс Риал Сервис» компанияларының атына Оңтүстік, Батыс аймақтарынан шикі мұнай өнімдерімен келген вагондарды сұрыптап, уақытында дайындап жеткізіледі. Мұнайлы өңірдің маңызын арттырып, бірден бір тиімді тасымал көзі болып отырған темір жол көлігі аймақты ілгері сүйреп, ондағы барлық кәсіпорындармен қоян-қолтық еңбек етеді. Олардың қатарында әрине «Теңізшевройл» ЖШС, Атырау мұнай өңдеу зауыты сынды алпауыт кәсіпорындар бар. Атырау ЖТ бөлімшесінің тасымал жоспарын орындап отырған да осы алпауыт компаниялар екені талас тудырмайды.

Бүгінде Атырау станциясында жөнелтілетін пойыздардың саны, яғни өткізу қабілеті 20-22-ге тең. Сондай-ақ қаланың көркейіп, халық санының көбеюіне байланысты жолаушылар тасымалының да сұранысы артып отыр.

Станция бойынша жергілікті қатынаста күніне алты пойыз дайындалып жөнелтілсе, транзиттік бағытта жазғы мезгілде жеті халықаралық пойыз өтеді. Қарабатандағы «Болашақ» зауытының жұмысшыларының уақытылы барып-келуіне «Атырау-Қарабатан» қатынасында вахталық пойыз да іске қосылған. Бұл әрине, жергілікті жерде мамандарға деген қамқорлықты, олардың талапсұранысын қанағаттандырудағы орайлы істі білдіреді. Оған халық та риза.

Станция тек өндірістік немесе мемлекеттік маңыздағы тасымалмен ғана емес, сонымен қатар жеке кәсіпкерлік субъектілерімен де жақсы қарым-қатынаста еңбек ете білуде. Ал ол өз кезегінде жергілікті тұтынушылар үшін де тиімді болып келеді. Себебі әртүрлі халық тұтынатын тауарлар қалаға осы темір жол арқылы жеткізілетіні белгілі. Ол сауда нүктелеріне де осы темір жол арқылы жөнелтіледі. Мәселен, станцияға әр тараптан келетін жүктердің тұрақты тұтынушылары болып саналатын «Кеденстранссервис» ААҚ, «Бертас» ЖШС, «Батыс транс», «СВХ Мерей» ЖШС, «Қазстройсервис» АҚ, «Атыраумұнайгазгеологиябурение», «Гурьевснаб» АҚ, ЦБКО «Ембімұнайгаз», «АТК», «Атырау көлік» ЖШС секілді және тағы да басқа ірілі-ұсақты компаниялар мен фирмалар арасында өзара қарым-қатынас орнату арқылы екі жаққа да тиімді істер атқарылуда.

«Біздің ең бас ты мақсатымыз – пойыздар арқылы тасымалданатын жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкелінген жүктерді тиісті орындарына таратып, босатылған вагондарды құрастырып, уақытында кері аттандыру. Сондай-ақ жолаушыларға да барлық жағдайды жасау» дейді станция бас инженері Бекжан Жиенбетов.

Атырау станциясында бүгінгі күні жүзге жуық адам жұмыс жасайды. Оның ішінде пойыз құрастырушылар, станция кезекшілері, жүк кассирлері, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторлары, жүк-багаж қабылдаушы, белгі беруші, ЭВМ операторлары, т.б. бар. Станцияда қауіпсіздік бойынша техникалық сабақтар да уақытында өтіп тұрады. Әр маман өз жұмысына жауапкершілікпен қарауды үйренген. Станция ұжымы алғашқы жартыжылдықта барлық өндірістік көрсеткіштерді жоспардан асыра орындап, сыйақы алғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.    

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды