Оқушылар теміржолға саяхат жасады

Қауіпсіздік
13.09.2022, 12:21
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қыркүйек келді дегенше, абыр-сабыр басталды дей беріңіз. Көшеде, қоғамдық көлікте, аялдамада толып жүрген мектеп оқушысы. Демек, оларды қауіп-қатерден сақтау міндеті де арта түсті деген сөз.

 Жақында Маңғыстау станциясындағы желілік полиция мен әскерилендірілген теміржол күзеті қызметкерлері мектеп оқушыларын теміржол бойына экскурсия жасауға шақырды. «Назар аударыңыз – пойыз!» айлығы аясында бастауыш сынып оқушылары ұстаздарының жетекшілігімен теміржолға «саяхат» жасады. Әскерилендірілген теміржол күзетінің шұғыл әрекет ету тобы күзетшілері және желілік полиция өкілдері №1 мектептің 2-сынып оқушыларына теміржолдың қауіп-қатерін түсіндіріп, жүріс-тұрыс ережелерімен таныстырды. Мектепте басталған кездесу теміржолдың белгілерін таныстырып, перронда жаяу жүргіншілер жүретін жерлерді аралаумен аяқталды.  

– Жаңа оқу жылы басталысымен бірталай іс-шараларды қолға алудамыз. Өйткені баланың қауіпсіздігі бәрінен қымбат. Ойынның қызығымен теміржол аумағына шығып кетуі немесе пойыздың алдынан жүгіріп шығуы, астынан өтуі, пойызға тас атуы әбден мүмкін. Сондықтан полиция қызметкерлерімен бірлесіп, теміржол бойымен жүрудің тәртіп-ережелерін баланың санасына барынша түсінікті етіп жеткізуге тырыстық, – дейді Маңғыстау станциясындағы Әскерилендірілген теміржол күзеті Шұғыл әрекет ету тобы бастығының орынбасары Мәди Үндемесов.  

 

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн