Балаларға темір жол қауіпсіздігі бойынша дәріс оқылды

Қауіпсіздік
16.09.2022, 11:01
Суретті түсірген автор

Теміржол бойы кімге болса да қауіпті. Тоқтаусыз зулаған алып пойыздар жолына көлденең тұрған ешкімді аямай басып жаншып өте шығады. Сондықтан теміржолшылар мен желілік полиция тұрғындарды оның қауіп-қатерінен сақтандырудан кенде болып жатқан жоқ.

 Желілік полиция өкілдерін алаңдататын жайт – әсіресе балалардың қауіпсіздігі. Өкінішке орай, ата-ананың қарауынсыз қалып, жол бойында ойнаған, өтем деп байқаусызда пойыз астына түсіп қалған балалар аз емес. Осыған байланысты 1-9 қыркүйекте өткен «Абайлаңыз, пойыз!» акциясын сайөтестік полиция толық балаларға арнады.  

Сай-Өтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері науқан барысында Сай-Өтес ауылындағы орта мектебіне келіп, оқушылар мен мұғалімдерге профилактикалық түсінік жұмыстарын жүргізді.  

– Мектептегі кездесу кезінде оқушыларға темір жол қауіпті аймаққа жататындықтан одан өтерде жаяу жүргіншілерге арналған жолмен ғана ереже сақтап өтіп, аса сақ болу керегін түсіндіруге тырыстық. Сондай-ақ, темір жол өткелінің, бағдаршамның қызметі қандай, ондағы белгілердің мағынасы, шлагбаумның орналасуы, өткел кезекшісінің нұсқауы сияқты ескеруге тиісті басты қағидалардан дәріс оқыдық. Теміржолдың белгіленбеген жерінен өткені үшін әкімшілік шараға тартылатындығы туралы да ескерттік, – дейді Сай-Өтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы Нұрлыбек Рахметов.  

 

Нұршаһ АЛЫМҚЫЗЫ, Сай-Өтес станциясы 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды