Семейде «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы қорытындыланды

Қауіпсіздік
16.09.2022, 11:30
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол бойында балалар қауіпсіздігі күн тақырыбындағы өзекті мәселеге айналғалы қашан. Жуырда Семейдегі желілік полиция бөлімінің тәртіп сақшылары «Көліктегі қауіпсіздік» акциясын қорытындылады.

 Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың беймезгіл уақытта бейсауат жүрісін болдырмау және олардың теміржол бойында жарақаттануын, жазатайым жағдайларға ұшырауын болдырмау мақсатында ұйымдастырылған акция шеңберінде Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі аймақ көлеміндегі түрлі оқу орындарында, теміржол мекемелерінде арнайы дәріс сағаттарын өткізіп, сақтық шараларын сақтауға үндеген қыруар жұмыс жүргізді.  

Айталық, бөлімшенің жол және қозғалыс шаруашылығы мамандарының қатысуымен 6 рет түсіндіру шаралары өткізіліп, үш вокзалда қызметкерлермен кездесу өткен. Сонымен қатар, станция тұрғындарымен үш мәрте жиын ұйымдастырылып, төрт рет жолаушылар пойызында «дөңгелек үстіндегі кездесу» болған. Желі бойындағы мал-жан амандығын сақтау бойынша теміржолшылардың қатысуымен арнайы дөңгелек үстел де өткізілген.  

Сонымен қатар, акция барысында үш рет рейд ұйымдастырылып, нәтижесінде 48 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Түнгі мезгілде   жалғыз жүрген бір жасөспірім бөлімшеге жеткізіліпті. Теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткен бірнеше балақайдың ата-аналарына әкімшілік іс толтырылып, айып тағылған.

– Бастысы, акция аясында құқық бұзған жасөспірімдермен, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Теміржол – қауіпті аймақ. Өскелең буынның осыны терең түсінгенін қалаймыз. Жауапкершілік баршаға бірдей, Ал, заң талаптарын білмеу – жауапкершіліктен босатпайды, – дейді бұл орайда Семей станциясындағы ЖПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Әбеуов.  

Осындай алдын алу, ақпараттандыру шараларының нәтижесі болса керек, соңғы уақыттарда бөлімше көлемінде балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын келеңсіз жайттар сиреген.  

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды