34 мың адам жауапкершілікке тартылды

Қауіпсіздік
07.10.2022, 10:19
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Елімізде жыл басынан бері темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп тәртіп бұзған 34 мыңнан аса азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жылжымалы құрамды шұғыл тежеудің 1618 фактісі тіркелген, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оның ішінде 308 жағдай теміржолға адамның, ал 1140 жағдай малдың шығуына байланысты тіркелген. Нәтижесінде 1066 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 9 айда еліміз бойынша 72 адамды пойыз қаққан, олардың жартысынан көбі көз жұмған. Соның ішінде 10 факт бойынша балалар зардап шегіп, 8 бүлдіршін қайтыс болды...  

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – азаматтардың белгіленбеген жерлерде темір жолды кесіп өтуі. Әлі күнге дейін адамдар теміржолдың қаншалықты қауіпті аймақ екендігін, оның зардаптарын жете түсінбейді. Қарапайым ережені сақтауға ерінетіндер көп.  

Әсіресе, адамдар көп зардап шегетін аймақтарға мыналар жатады екен: Алматы-1 – 11, Шымкент – 7, Ақтөбе – 6 және Қарағанды – Сұрыптау және Тараз станцияларында 5 факт тіркелген.  

Көлік полициясы азаматтарға теміржолда мұқият болу керектігін күнделікті ескертіп, әлеуметтік желілерде түрлі ақпараттар таратып, қорқынышты мәліметтерді де жария етіп жатыр. Бірақ, әлеуметтің салдыр-салақтығы мен бейғамдығы қайғылы оқиғалар қатарын азайтар емес.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды