Семейлік теміржолшылар стратегиялық нысандардағы қауіпсіздік мәселесін талқылады

Қауіпсіздік
05.03.2024, 11:28
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қоғамдық көлік қатынасындағы күн тақырыбынан түспейтін мәселелердің бірі кездейсоқ қауіп пен террорлық актілердің алдын алу, сақтық шаралары екендігі даусыз.

Оның сыртында діни экстремизм мен радикализмге жол бермеу де маңыздылығын жоймай келеді. Жуырда семейлік теміржолшылар «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-мен бірлесіп діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық жұмыс шеңберінде кеңес өткізді. Бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов қатысқан жиынға азаматтық қорғаныс саласына жауапты мамандар, жалпы теміржолшылар көп жиналды.  

Жиын барысында ішкі істер басқармасының өкілі террорлық қауіптіліктің алдын алу, стратегиялық маңыздағы нысандардағы қауіпсіздік шаралары туралы кеңінен сөз қозғады. Сонымен қатар жиын барысында кибер қауіпсіздік, соңғы уақыттары жиі көрініс таба бастаған телефон терроризмі жайлы да сөз өрбіді.  

Басқосуда ҚР Заңнамасы бойынша лаңкестіктің алдын алу және экстремистік сипаттағы құқықбұзушылықтарға жол бермеу шараларын ұйымдастыру жайында да сөз болды. Терроризм мен экстремизмге қарсы тұрудағы нормативтік-құқықтық актілер таныстырылды. Соның аясында теміржол вокзалы, автобекет сынды қоғамдық орындардан күдікті зат табылған жағдайдағы іс-әрекет бойынша да түсінік берілді.  

Ал дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Мақсат Ботаханов қоғамның ұйытқысы саналатын береке-бірлік, бір ұстанымның аясында болудың маңыздылығын жеткізді, діни сенім бойынша кең көлемде түсіндіріп берді. Ең бастысы тұрақтылыққа төнер қауіп – діни экстремизм сынды қоғам дертімен бірлесіп күресу жайлы айтты.  

Жиын барысында тақырып аясын қамтитын тағы да бірқатар мәселелер жөнінде сөз қозғалып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берілді.  

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады