Теміржолшылар тасқынға тосқын жасауда

Қауіпсіздік
02.04.2024, 11:24
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанның батыс және шығыс, солтүстік облыстарының біраз бөлігін қарғын су басып, тұтас елдімекендер, тұрғын үйлер мен маңызды ғимараттар, мал-мүлік тілсіз жау құрсауында қалды. Ел басына күн туған қиын-қыстау күндері теміржолшылар жұмысы күшейтілген режимге көшіріліп, қауіпті телімдер жіті бақылауға алынды.

Магистральдық желі дирекциясына қарасты Жол және жасанды құрылыстар департаментінің мәліметінше, дәл бүгінгі таңда теміржол магистралін су басқан дерек жоқ, пойыздар қозғалысына қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл ең алдымен ҚТЖ-да жыл сайын көктемгі су тасқынына әзірлік кешенді түрде және тиянақты жүргізіледі десек, қателеспейміз.  

– Темір жол бойында 670-тен астам қауіпті орындар бар, олардың бәрі ертеден ерекше бақылауға алынып, су бұру жолдары, көпірлер, бөгеттер, су қоймалары мен өткізгіш құбырлар, дренаждық құдықтар қар мен мұздан тазартылды. Жылдағыдай су шайып кетуге қарсы 45 пойыз жасақталды. Вагондар барлық қажетті құралдармен және материалдармен жабдықталып, 2650 текше метр кесек тастар, 8 мыңнан астам кондициондық емес шпалдар тиелген. Пойыздардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған, олар темір жол зақымдалған жағдайда тез қалпына келтіріп, пойыздардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге сақадай сай тұр. Станциялар мен аралықтарда, сондай-ақ өзендер мен су қоймаларына тікелей жақын орналасқан жол учаскелерінде су тасқыны жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілуде, – дейді Жол және құрылыстар департаментінің менеджері Ардақ Төлеуғалиев.  

Теміржолшылар тасқынға тосқын жасаудың барлық әрекетін жасауда. Көпірлер, су өткізгіш құбырлар, қар-мұздан және қоқыстан тазартылып, таулы және су бұрғыш жыралар, науалар мен кюветтер аршылған. Бірқатар өзендерде мұзды ұсақтау бойынша бұрғылау-жару жұмыстары жүргізіліп, 83 бөгет пен су қоймалары тексерілген. Ақтөбенің Жем станциясына іргелес жатқан жеке меншік темір жолды су шайған. Ал Жем станциясының өзінде судың жиналуы байқалмайды. Қарағанды облысының Ақсу-Аюлы аумағында қардың қарқынды еруіне байланысты Шерубай-Нұра өзені ернеуінен тасып, «Екатеринбург-Алматы» тас жолы уақытша жабылды. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялауды ұйымдастырды. Халықты тасымалдауды қамтамасыз ету үшін бір рейс жолаушылар пойызы шығарылып, бірнеше жолаушы пойыздарына қосымша вагондар тіркелген. Нәтижесінде су басқан аймақтардан 1200-ден астам тұрғын қауіпсіз аумаққа тасымалданған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы штаб құрылып, жағдайды бақылауда ұстап отыр.

 

Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз