Темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 11 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қауіпсіздік
12.04.2024, 09:15

Осы жылдың бірінші тоқсанында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өткені үшін 11 417 адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.  

Пойыздардың шұғыл тежелуінің 517 фактісі тіркелді. Сондай-ақ, ағымдағы кезеңде еліміз бойынша пойыз астына 24 азамат түскен болса, оның 13-і өліммен аяқталса, 11-і түрлі жарақат алған.

Мәселен, өткен тәулік ішінде екі адам пойыз астына түсіп кете жаздады. Бұл фактілер Ақтөбе және Түркістан облыстарында тіркелді. Абырой болғанда, барлық жағдайда пойыз машинистері жылжымалы құрамды тоқтатуға үлгеріп, қайғылы жағдайдын алдын алды. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша екі құқық бұзушы белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу және жолын кесу мақсатында көлік полицейлері халықпен, жолаушылар поездарында және оқу орындарында тұрақты негізде профилактикалық сипаттағы жұмыстар жүргізуде. Барлық іс-шараларда теміржол көлігі объектілерінде болған кезде негізгі қауіпсіздік ережелері жеткізіледі.

Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде ағымдағы кезеңде Департаментте жылжымалы құрамның балаларды қағып кетудің бірде-бір фактісі тіркелген жоқ.

Көлік полицейлері азаматтарға темір жолда мұқият болу керектігін ескертеді. Темір жолдарды тек арнайы жабдықталған орындардан өту қажет.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті