Мақсат – нөлдік травматизм

Қауіпсіздік
29.04.2024, 12:38
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде салалық кәсіподақ ұйымының бастамасымен 28 сәуір – халықаралық Еңбекті қорғау күніне және Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай «Кәсіпорындардағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау» тақырыбында семинар өтті.  

Іс-шараға Абай облысының кәсіподақтар орталығының төрайымы Зәуреш Исабаева, Абай облысы бойынша Бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ниятқабылов, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Абай облысы бойынша филиалының директоры Ермек Қуанышев, Абай облысы кәсіподақтар орталығының құқықтық мәселелер мен медиация жөніндегі бас маманы Ержан Разбеков қатысты. Сонымен қатар желі бойындағы барлық мекемелердің кәсіподақ төрағалары жиналды. Көпшілік өндіріс орнында қаза болған азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.      

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов тақырыптық баяндама жасады. Ол өндірістік жарақаттану деңгейі жұмыс орнындағы қауіпсіз жағдайларды бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі екендігін, осы орайда қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығын сөз етті. Бұл орайда ұлттық компания тарапынан қолға алынған игілікті шаралар қатарына да кеңінен тоқталып өтті.  

Облыстық Кәсіподақтар орталығының төрайымы Зәуреш Рамазанқызы еңбекті қорғаудың мақсаты, жұмыс берушілердің міндеттері жайлы сөз етті. Бұл орайда кәсіподақтың да жауапкершілігі жоғары екенін айтты. Абай облысы еңбекті қорғау және қауіпсіздікті бақылау бөлімінің басшысы Тоқтарбек Түсіпбаев өткен жылы облыс кәсіпорындарында орын алған жазатайым оқиғалар нәтижелерімен таныстырды. Айтуынша, өткен жылы 88 оқыс оқиға орын алып, бірқатары кісі өлімімен аяқталған. Соның ішінде Семей Орманы мекемесінде орман өрті салдарынан 15 қызметкер қаза тапқан болатын. Мұның сыртында 31-і ауыр жарақат, 18-і орташа деңгейдегі, 37-сі жеңіл деңгейдегі жарақат алған еңбеккерлер де бар. Осы орайда ұлттық компания бөлімшелері мен еншілес ұйымдарындағы өндірістік жарақат төмен екенін алға тартқан спикер теміржол қызметіндегі еңбекті қорғау жүйелі жүргізілетінін жоғары бағалады.  

Ал ұлттық компания бойынша қолға алынған еңбекті қорғау шаралары жөнінде бөлімше бастығының орынбасары Ерғазы Жұмаділов сөз етті. Теміржолдың қауіптілігі аса жоғары аймақ екенін жеткізген Ерғазы Төлендіұлы бұл орайда ұтымды жұмыс жүргізу мақсатында ұлттық компания тарапынан қомақты қаражат бөлінетінін, мамандар даярлықтан өтетінін айтып өтті.

– Басты мақсат – нөлдік травматизм. Әзірге оған толық қол жеткізе қойған жоқпыз. Алайда, осынау жолда барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізіп жатырмыз, – деді бөлімше басшысының орынбасары өз сөзінде.

Абай облысы кәсіподақтар орталығының құқықтық мәселелер мен медиация жөніндегі бас маманы Ержан Разбеков еңбек дауларын сотқа жеткізбей реттеу жайлы сөз қозғап, осы мақсатта қала орталығынан жаңадан кеңсе ашылғанын жеткізді.  

Жиын барысында Семей магистральдық желі бөлімшесінің еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Жомарт Шапишев те сөз алып, тақырыпқа байланысты нақты мысалдармен баяндама жасады. Семей өңірінің еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары Ұжымдық шартқа және еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты маңызды мәселелерді талқыға салды.    

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?