Қазығұрт станциясында ескерту тақтайшалар орнатылды

Қауіпсіздік
29.04.2024, 13:19
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай бекітілген биылғы тақырып –климаттық ауа-райы өзгеруінің жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі мен денсаулыққа әсері деп бекітілуіне орай Шымкенттегі Қазығұрт станциясында ауқымды іс-шаралар легі ұйымдастырылды.  

Станция басшысы Баянды Раманқұлов пен еңбек қорғау инженері Алтынай Пірматова бастап, еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспектор Бақыт Ағымсалов пен пойыз құрастырушы Еркін Мейірбеков сынды азаматтардың белсенді атсалысуымен, қауіпсіздікті сақтауға қатысты жоспарлы жұмыстар іске асырылды.

– Бұл жолы бекітілген тақырып – әсіресе біздің оңтүстік өлкеде кеңінен насихаттауды қажет ететіні сөзсіз. Себебі біздің жақта адамдарға күн сәулесі мен ыстықтың өту қаупі өте жоғары. Сондықтан күннен қорғанудың амал-әрекеттері мен оның себеп-салдарына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – дейді станция бастығы Б.Раманқұлов.  

Бүгінгі таңда станцияда қауіпті өндіріс орнында 120 адам жұмыс істейді. Олардың бәрін қауіпсіздік іс-шараларына бір мезетте жаппай қатыстыру мүмкін емес. Сондықтан да әрбір қызметкердің жұмыс кестесіне орай жоспар бекітіліп, ауысыммен еңбек ететін теміржолшылар үшін арнайы техникалық сабақтар өткен.

Осылайша мейлінше барлық жұмысшыны қауіпсіздік шараларына белсенді қатыстыруға тырыстық дейді ұйымдастырушылар.  

Ал еңбек қорғау инженері Алтынай Пірматованың айтуынша, темір жол белгісі мен жол бойында құлаққаппен жүруге тыйым салынатыны және ұялы телефон пайдалануға болмайтыны жөнінде 22 ескерту тақтайша орнатылып, темір жол бойындағы техникалық қаіпсіздікті сақтау ережелері жазылған 10 баннер көпшілік көзі түсетін жерлерге ілінген.

Сонымен қатар станция кезекшілері мен маневрлік диспетчерлерге, пойыз құрастырушылар мен жүктерді қабылдап-тапсырушы және тасымалдау құжатын реттеу операторы санатындағы қызметкерлерге жұмыс берушілер тарапынан қамтамасыз етілуі тиіс міндеттемелер мен жұмысшылар сақтауы тиіс талап, міндеттерге қатысты техникалық сабақтар ұйымдастырылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталып, бірнеше күнге жалғасқан шараға белсенді қатысқан теміржолшылар мен еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындауда және өндірістік жарақаттың алдын алу мақсатында өз міндетін мінсіз орындаған мамандар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады