Манкент станциясы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтті

Қауіпсіздік
30.04.2024, 10:41
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Түркістан облысындағы Манкент станциясында Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай ұйымдастырылған шаралар легі апта емес, айға ұласты. Станция бастығы Қуаныш Тебеевтің түсіндіруінше, мұндағы теміржолшылар қауіпсіздік талаптарын сақтауды тазалыққа ден қоюдан бастаған.

Яғни сәуір айының басында-ақ арнайы сенбілікті тұрақты түрде ұйымдастырып, оған 10-12 жұмысшы жұмылдырылған. Сөйтіп станция аумағы мен теміржол өткелдерінің маңынан 60 қаптан астам қоқыс шығарылған. Сондай-ақ атаулы күнге арнайы дайындық жұмыстары аясында тауар кеңсесі мен станция кезекшісінің бекеті, пойыз құрастырушылардың бөлмесі сынды тұрмыстық және әкімшілік ғимараттарға да ағымдағы жөндеу жүргізілген.

– Бір айға жоспарланған жұмысты қолға алмай тұрып, алдымен 5 станция кезекшісі мен 5 пойыз құрастырушыға, 9 жүк қабылдап-тапсырушы мен 2 тауар кассиріне еңбек қорғау мен қауіпсіздікті сақтауға қатысты нұсқаулықтар мұқият таныстырылды. Оған қоса «қызметтік міндеттеме», «биіктіктегі жұмыс», «сенбіліктегі жұмыс» деп аталатын арнайы санатпен мекеменің барлық қызметкеріне қауіпсіздікке қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – дейді станция бастығы Қуаныш Наурызбайұлы.

Осылайша сәуір айының басында қолға алынған жоспарлы жұмыс нәтижесінде, станция қызметкерлерінің өз күшімен 16 ескерту, хабарландыру тақтасы кісі қарасы көп жүретін жерлер мен станция маңындағы өткелдерге ілінген. Келеңсіз жағдай мен адам өмірі және денсаулығына қауіп төндіретін сәттерден сақтандыру мақсатында «вагон астынан өтуге тыйым салынады», «белгіленбеген жерден өтуге болмайды», «платформаға жақын тұру – адам өміріне қауіпті», «станция маңындағы желіге жақындауға тыйым салынады» деген сияқты ескерту парақшалар да жергілікті тұрғындар мен жаяу жүргіншілерге таратылған.

Сонымен қатар айлық шара аясында теміржолға жақын орналасқан 18 үйге манкенттік теміржолшылар арнайы барып, қауіпсіздік ережелеріне қатысты және тазалықты сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады