Қызылордада теміржол көпірі маңында рейд өтті

Қауіпсіздік
06.06.2024, 11:59
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолдың қауіпті аймақ саналатынын біле тұра сол қауіпті аймақта бастарын қатерге тігетіндер, өкінішке орай, тыйылмай отыр. Теміржолға жаяу жүргіншілер мен иесіз малдан төнетін қауіп-қатердің алдын алу үшін теміржолшылар жыл он екі ай күресіп келеді.

Құрамында Қызылорда қосалқы бөлімі директорының орынбасары Бекжан Өтеулиев, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов, ЖІІб полиция майоры Айғали Бақыт, аға лейтенант Серік Асанов, Қызылорда жол дистанциясының өкілдері бар топ кезекті рейдке шықты. Олар Белкөл-Қызылорда-Қараөзек учаскелері аралығындағы қауіпті тұстарда жаяу  жүргіншілерге теміржолдың қауіпті аймақ екені жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту парақшаларын таратты. Тіпті Шұғыла-КБИ мөлтек аудандары тұсына жақында салынған жаяу жүргіншілер көпірінің маңында да бейсауыт адамдардың теміржолды кес-кестеп өтуі байқалғандықтан рейд осы көпір маңында да өткізілді. Былтыр пайдалануға берілген жап-жаңа аспалы көпір бола тұра бұл маңнан да жолды кесіп өтетін жаяу жүргіншілер қарасы көбейіпті. Көпшілігі жоғары көтеріліп, баспалдақпен әрі-бері жүруге ерінеді әрі уақыт ұтқысы келеді екен. Рейд кезінде жолды кесіп өткендер таспаға түсіріліп, ескерту беріліп, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

– Жүргіншілер қауіпті аймақтан ерсілі-қарсылы кесіп өтуді әдетке айналдырған. Мұндай рейдті станциялықтар, жолшылар, желілік полиция, күзет қызметі ай сайын кезек-кезек өткізеді. Ол ол ма, тіпті біреулер жол үстіне кейде бөгде зат, темір тастап кетуі мүмкін, балалардың да  вагон терезелеріне тас лақтырып, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез азаймай отыр. Жыл басынан бері жүзге жуық жедел тежегіш басу жағдайы тіркеліп отыр. Бес ай ішінде 3 рет адам басу оқиғасы тіркелсе, оның біреуінде адам қайғылы жағдайға ұшырады, – деді Қызылорда қосалқы бөлімі директорының орынбасары Бекжан Өтеулиев.

– Өткен аптада қауіпті саналатын, яғни адам өлімі тіркелген Белкөл-Қызылорда перегонында кезекпен күзет өткізіліп, адамдардың ол жерден өтуі саябырсығандай болды, жергілікті баспасөз, теледидар шақырып, теміржолдың қауіпті аймақ екенін арнайы хабар ретінде әлеуметтік желілерге, ата-аналар чатына салып, насихат жасалды. Қазір жазғы демалысқа шыққан мектеп оқушылары ең басты «бас ауру» болып отыр. Сондықтан  әрбір ата-ананы өз баласына ие болып, оның әрекетінен көз жазбауға шақырамыз, – деді полиция майоры Айғали Бақыт.

Жалпы аймақ бойынша пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Жаңақорған, Тереңөзек станцияларының маңы, Қараөзек-Қызылорда-Белкөл учаскесіндегі Титов, Жаппасбай, ЦКЗ және Шұғыла тұрғын аудандарының тұсы. Бұл аумақтағы тұрғын үйлер теміржолға жақын орналасқан. Мұндай қауіпті учаскелерде тұрақты түрде рейд өткізіліп, қауіп-қатер ұдайы ескертіледі.    

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады