Қызылорда жүк тасымалында күзгі комиссиялық тексеру жүріп жатыр (Фото)

Қауіпсіздік
08.10.2024, 09:28
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшесі басшыларынан құралған топ аймақ бойынша күзгі комиссиялық тексеруге шықты.

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры Батырхан Базарбаев пен Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Ербол Сәулебеков бастаған комиссиялық топ құрамына «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы, салалық мекемелердің басшылары мен бөлім жетекшілері қатысып, барлық нысан иненің көзінен жіп өткізгендей тәсілмен тексерілді.  

Тексеруді бөлімшенің оңтүстігіндегі Шорнақ станциясынан бастаған комиссия мүшелері барлық бекет пен станцияға аялдап, әрбір нысанды жекелей назардан өткізді. Аймақтың солтүстігіне Сексеуіл станциясына дейін тексеру жұмыстарын жалғастырған топ барлық жағдайды жіпке тізіп, белгілеп отырды. Тиісті жерінде ескерту жасалса, кей бекеттерде олқылықтарды тез арада орнына келтіру шаралары жасалды. Аймақ теміржолшылары күзгі тексеруге алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізгенімен, барлық жұмыс техникаға тығыз байланысты, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігімен астасып жататындықтан кем-кетік те болмай қалмады. Байқау нәтижелері бойынша өтетін жиында олқылықтар мен кемшіліктерді сараптау жұмысының қорытындысы жарияланатын болады.  

– 2024 жылғы 25 наурыздағы N326-ЦЗ бұйрығымен бекітілген «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің қысқы кезеңге дайындығын және жұмысын ұйымдастыру, инфрақұрылымның ағымдағы жай-күйін анықтау мақсатында көктемгі және күзгі тексерулер жүргізу, жылжымалы құрамды, өндірістік-техникалық құралдарды, қозғалыс қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, сондай-ақ ЖТ шаруашылықтарының 2024- 2025 жылдарда қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын айқындау бұйрығына байланысты өтіп жатқан байқау аясындағы тексеру жұмыстары қыс шанасын жаз сайлайтын теміржолшылар үшін қалыпты ахуал болып табылады. Жоғарыда аталған бұйрық негізінде бөлімше бастығы Батырхан Базарбаевтың биылғы 6 қыркүйекте 63/ НОДГП-10 бұйрығы жарияланды. Осы бұйрықтарға сәйкес компанияның стандартты талаптарын орындау арқылы аймақта теміржол көлігінің тұрақты жұмысы мен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, нысандарды пайдалануда, инфрақұрылымын қолдануда нормадан ауытқуларды уақытылы жою және саланың қыс маусымындағы мінсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Шорнақ – Сексеуіл – Қоскөл станциялары арасында орналасқан бөлімшеге қарасты салалық мекемелердің барлығын комиссия мүшелері түгел тексеріп шықты. Тексеру барысында өрескел қателік, кемшілік болмағанмен, ПДБ талаптарының бұзылуы, яғни Шиелі теміржол вокзалы, Сексеуіл локомотив пайдалану депосы және Сексеуіл – Қоскөл жаңа теліміндегі 19-бекет теміржолшыларының талапқа сай келмейтін әрекеттері байқалып, ескерту жасалды, бірқатар кемшіліктер дереу жойылды, – деді комиссия мүшесі Қызылорда ЖТ бөлімшесінің қауіпсіздік және еңбек қорғау, экология бөлімінің бастығы Ғалия Көпжасарова.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады