Қауіпсіздік – ревизордың көзімен

Қауіпсіздік
25.09.2025, 19:26
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қауіпсіздік – пойыз қозғалысының темірқазығы. Бір сәттік қателік пен салғырттық жүздеген адамның тағдырына әсер етуі мүмкін. Сондықтан да әр айдағы қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері теміржолшы қауымы үшін тек статистика емес, абырой мен сенімнің өлшемі.

Бұл – мыңдаған шақырымдық теміржолда күндіз-түні еңбек етіп жүрген жолшылардың, машинистердің, байланысшылардың және барлық сала мамандарының табан ақы, маңдай терінің көрсеткіші.  

Осы жылдың сегіз айында Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі мен Магистральдық желі бөлімшесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы тіркелмегенмен 3 жағдай орын алып отыр. Ал өткен жылдың дәл осы кезеңінде, яғни 2024 жылғы тамызда, бір инцидент тіркелген еді: сигналды жабу кезінде пойыздың өтіп кетуі орын алған. Бұл оқиға баршаға сабақ болды, кейінгі тексерістерде талап күшейтіліп, қырағылық екі есе арттырылды. Тепловоз машинистерінің жедел тежегіш қолдануы өткен жылы 99 рет орын алса, биылғы сегіз айда 106 рет орын алып отыр. Оның ішінде 2 рет адам басу, 30 мәрте мал басу тіркелген.  

Ал, қауіпсіздіктің бұзылуы сыртқы ұйымдарға байланысты жағдайларда қатаң талапты қажет етеді. 2025 жылы барлығы 38 жағдай (29 оқыс оқиға, 4 рет жылжымалы құрамның жолдан шығуы, 5 мәрте өзге де жағдайлар) тіркелді. Оның ішінде «Орда-Гласс» серіктестігінің қосалқы жолында пойыздың рельстен шығуы, локомотивтің техникалық ақаулығына байланысты орын алған бес инцидент қауіпсіздік талаптарын, теміржолдағы тәртіп пен қатаң талаптың қаншалықты қажет екенін тағы бір дәлелдеді.  

Алмат Молдашев басқаратын «ҚТЖ» ҰК» Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Қызылорда аймақтық қозғалыс қауіпсіздігі ревизорларының жұмысына қатысты көп нәрсе айтуға болады. Соның ішінде Қазалы және Сексеуіл жол дистанцияларының бірнеше телімі, Төретам станциясының шекарасын жолдарындағы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне төнуі мүмкін қауіпті болдырмау үшін жұмыс жасап жүрген ревизорлар жұмысы атап айтуға тұрарлық.  

Жалпы ревизорлардың негізгі міндеті – мекеме басшысы немесе арнайы қауіпсіздік мамандарының тексерген учаскесін бақылап қарап шығу арқылы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі болатын кемшіліктерді анықтап, әшкерелеу. Осындай тексеру әр телім бойы жүргізіліп отырады. Қазалы жол дистанциясында жүргізілген кезекті тексеру кезінде жол қауіпсіздігі ревизорларының назарына іліккен жағдайлар бейжай қарауға келмейтін еді. Қызылтамда қосқыштың шөгуі, Қаракеткенде жол айрығы жүрекшесінің қайта балқыту қажеттігі, ал Төретамда бастапқыда бәрі талапқа сай көрінгенімен, артынша-ақ 6 жол мен бұрманы жабуға тура келуі тағысын тағы кемшіліктер анықталған.  

Жалпы, Қызылорда аймақтық қозғалыс қауіпсіздігі ревизорлар аппаратының бір ғана тамыз айындағы тексеру қорытындысында 17 тыйым шарасы қабылданып,135 ескерту жасалып, 3 жерде жылдамдық шектелді,13 бағыттамалық бұрма уақытша жабылған. Бұл сандар жай ғана статистика емес. Оның артында жолаушының тағдыры, жүк иесінің сенімі, машинистің мазасыздығы жатыр. Уақытында тоқтаған пойыз кешігудің ғана белгісі емес, сақталған өмірдің дәлелі болуы мүмкін. Анықталған кемшіліктерге байланысты Сексеуіл және Қазалы жол дистанциясының басшыларына арнайы хат жолданып, онда кемшіліктердің жойылу уақыты мен жойылғаны жөнінде хабарлама берілу талабы қойылған.  

Бас ревизор Алмат Молдашевтың айтуынша, «Қауіпсіздік дегеніміз ревизордың көзімен қағаздағы ресми көрсеткіш емес, рельс үстіндегі үздіксіз қозғалыс.  

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады