Сексеуілде теміржол қауіпсіздігіне арналған тораптық жиын өтті

Қауіпсіздік
05.02.2026, 11:35
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сексеуіл локомотив пайдалану депосының мәжіліс залында Қызылорда теміржолының қауіпсіздік мәселесін назарға алған тораптық жиын өтті. Аса қауіпті аймақтарда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету күн тәртібіне шығарылып, өткен жылғы атқарылған жұмыстар сараланды.  

Орын алған кемшіліктерге талдау жасалып, олардың қайталанбауы үшін жауапкершілікті күшейту шаралары алынды. Қызылорда ЖТ бөлімшесінің бас инженері Күлхан Белкібаев өткен жылдың өндірістік көрсеткіштеріне тоқталды. Оның айтуынша, жүк тасымалы көлемі жоспардан асыра орындалып, техникалық және учаскелік жылдамдық көрсеткіштері тұрақты деңгейде сақталған. Сонымен қатар дизель отынын үнемдеу, локомотивтердің айналымын оңтайландыру бағытында атқарылған жұмыстар оң нәтиже берген. Алдағы кезеңде күрделі жөндеу нысандарына ерекше көңіл бөлініп, өндірістік инфрқұрылымды жаңғырту жалғасын табады.

Өндірістік қауіпсіздік мәселесін аймақтық ревизор Алмат Молдашев тарқатып берді. Қозғалыс қауіпсіздігіне салғырт қараудың қандай салдарға әкеп соғатынын нақты мысалдармен дәлелдеп, локомотив бригадалары мен жол қызметкерлерін тәртіп пен жауапкершілікті күшейтуге шақырды.

Магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебеков Сексеуіл торабының алдағы даму жоспарларына тоқталып, инфрақұрылымдық жобалардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Сексеуіл-Қоскөл учаскесінде автоблокировка жүйесін енгізу, жаңа парк құрылысы, жолдардың қайта жаңғыртылуы пойыз қабылдау және жөнелту мүмкіндігін арттырып, транзиттік жүк ағымын ұлғайтуға жол ашатынын атап өтті. Сонымен бірге қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбекақының өсуі мен өндірістік ғимараттарды жөндеу жұмыстары ұжым тұрақтылығының маңызды факторы екеніне назар аударды.

Жиында қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалмады. Соңғы жылдары жөндеу көрмеген өндірістік ғимараттарды кезең-кезеңімен жаңғырту, Сексеуіл жол дистанциясы мекемесінің кеңсесін күрделі жөндеуден өткізу және вокзалдардағы жөндеу жұмыстары еңбек ұжымына қолайлы жағдай жасауға бағытталған нақты қадамдар сөз болды. Сонымен қатар еңбекақының өсуі, сыйақылардың тұрақты төлем жүйесіне енгізілуі және инфляцияға байланысты үстемақылар қызметкерлердің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отырғаны да айтылды.  

Жиын барысында қатардағы теміржолшылар да өз пікірлерін білдірді. Вагон шаруашылығы қызметкерлері кейбір жол учаскелеріндегі қолайсыздықтарды, дыбыстық хабарлау құралдарының жеткіліксіздігін көтерсе, машинистер қозғалыс қауіпсіздігін күшейту үшін қосымша қоршаулар мен техникалық жабдықтарды орнату қажеттігін айтты. Бұл ұсыныстар назарға алынып, нақты тапсырмалар берілді.

Жиналысты қорытындылай келе, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, регламент талаптарын қатаң орындау, жұмыстарды асықпай әрі сапалы атқару теміржол саласының тұрақты дамуының басты кепілі екені атап өтілді. Ортақ мақсат – қауіпсіз әрі үздіксіз тасымалды қамтамасыз ету жолында әрбір теміржолшының жауапкершілігі айқындалды.

 

Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды
Жүк тасымалы
09.07.2026
Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде
Жаңалықтар
09.07.2026
Елімізде астық экспорты 13%-ға артты
Аймақтар
09.07.2026
«Сарыағаш» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары тамыз айында аяқталады
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ паркі маусым айында 50 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.07.2026
Алматы-1 теміржол вокзалын қайта құруға 500-ден астам жұмысшы тартылды
Әлемде
08.07.2026
Армения Түркия және Әзербайжан шекараларына апаратын теміржол желілерін қалпына келтіре бастады
Жаңалықтар
08.07.2026
Тәртіп сақшылары балаларды теміржол бойында абай болуға шақырды