Жұмысшылар қауіпсіздігі маңызды

Қауіпсіздік
10.02.2026, 08:28
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана жол дистанциясында 2 ақпан мен 2 наурыз аралығында «Назар аудар, жолда адам!» айлығы өтуде.

Айлықты өткізудегі басты мақсат – пойыздар қозғалысымен байланысты еңбек ететін жұмысшылардың технологиялық жұмыс тәртібін бұзуының алдын алу. Іс-шараны өткізу барысында оны дұрыс ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар беріліп, барлық айналымдар мен телімдерде айлық туралы ақпараттық хабарландырулар ілінді. Еңбек қорғау және қауіпсіздік қызметі мамандары тарапынан технологиялық үдерісті сақтау бойынша жоспардан тыс тексерулер өткізіледі. Тексеру аптасына екі рет өткізіліп, соның барысында анықталған жайттар бойынша акт толтырылады.  

Ал диспетчерлер қандай да бір ескертулер бойынша жан-жақтан, атап айтқанда локомотив бригадаларынан, станция кезекшілерінен, пойыз диспетчерлерінен келіп түсетін ақпараттарды беру тәртібін қатаң сақтауды қамтамасыз етуі керек.  

Локомотив бригадаларынан аса мұқият болып, қауіпті бірден хабарлау, ДУ-46 журналында өндірістегі ескертулерді уақытында жазып отыру, келесі жолда пойыз өткенде жұмысты тоқтату, жұмысшылардың вагондар астынан өтуіне жол бермеу, жалғыз жұмысшының бағыттама бұрмаларын қардан тазалауына жол бермеу, қалың тұманда белгі беру бригадаларын бөлуді қадағалау, аралық жолдарда пойыздар өткенде жұмыс істеп тұрған жол техникасының қызмет көрсету персоналының жол арасында жүруіне жол бермеу, теміржолшылардың арнайы жұмыс киімі және құралдарының түгел болуын қадағалау және басқа да ережелерді қатаң сақтау талап етіледі.

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды