Қызылорда вокзалында адам өмірінің қауіпсіздігі туралы маңызды жиын өтті

Қауіпсіздік
18.02.2026, 10:23
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда вокзалының алаңында бұл жолы әлдебір салтанатты рәсім емес, теміржол бойындағы адам өмірінің қауіпсіздігі туралы салмақты әңгіме өрбіді. Ерекше форматта өткен кездесуге теміржолшылардан бөлек, өңір басшылығы мен заң және құқық қорғау органының өкілдері қатысты.

Олардың қатарында «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС Бас директоры Асан Үмбетов, «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС «Қызылорда» филиалының директоры Батырхан Базарбаев және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебековпен қатар Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов, Қызылорда көлік прокуроры Саят Сейтжанұлы, облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ербол Тәлекенов, тағы басқалар болды.    

Кездесудің өзегіне айналған басты мәселе – теміржол бойындағы адам қағу деректерінің көбеюі. Қызылорда көлік прокуроры Саят Сейтжанұлы өңірде теміржол көлігінің қатысуымен болатын оқиғалардың жиілеп кеткенін, соның салдарынан адам өлімі мен жарақат алу жағдайлары артқанын айтты. Оның мәліметінше, теміржол өткелін белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 2025 жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 559-бабымен 1839 адам жауапкершілікке тартылған. Ал ағымдағы жылдың өзінде бұл көрсеткіш 234-ке жеткен.

«ҚТЖ-ЖТ» ЖШС бас директоры Асан Үмбетов теміржол аса қауіпті аймақ деген жай ғана жаттанды сөзге айналмау керектігін, осынау қауіп-қатерлі аймақта қозғалыс қауіпсіздігі ережесі толық сақталып, тәртіп пен жауапкершілік үстемдік құрған жағдайда ғана мақсатқа жетуге болатынын айтты.  

Айтуынша, өткен жылы машинистар төрт мыңға жуық шұғыл тежегіш басылған. Соның 653 жағдайы – адамға қатысты оқиға. Қалғаны – жолға шыққан көлік пен қараусыз малдың кесірі. Әрбір санның артында қанша тағдыр, отбасының қасіреті тұруы мүмкін.  

«Біз, жол бүлінсе, тепловоз сынса, бүтіндейміз, жөндейміз, ал адам өмірін ештеңемен қайтара алмаймыз. Сондықтан теміржол бойындағы қимыл-қозғалыс үлкен жауапкершілікті талап етеді», – деді Үмбетов.  

Ашық алаңда, жылжымалы құрамдар бірі келіп, бірі кетіп, қосымша жолдарда маневрлік жұмыстар жүріп жатқан жерде өткен жиынға мектеп оқушылары да арнайы шақырылып, олармен  профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көріп тұрғандарындай, үздіксіз қозғалыс жүріп жатқан аймақта темір жолды тек арнайы белгіленген жерден, аспалы жаяу жүргіншілер көпірі арқылы ғана кесіп өту керектігі түсіндірілді. Балалардың сұрақтарына басшылар жауап беріп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын нақты мысалдармен жеткізді.

Оқыс оқиғалардың негізгі себебі – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік талаптарын елемеуі. Белгіленбеген жерден өту, асығыстық, немқұрайлылық – мұның бәрі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. «Сондықтан түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру, заң талаптарын қатаң сақтау және әр азаматтың жеке жауапкершілігін арттыру – уақыт талабы. Темір жол – балалардың ойын алаңы емес. Бұл – аса қауіпті аймақ. Сақтық – қауіптен аман болудың ең басты шарты», – деді көлік прокуроры өз сөзінде.    

Қызылорда Желілік полиция бөлімі арнайы ескерту стендтерін дайындап, инспекторлар арнайы әзірленген құқық бұзушылық пен әкімшілік жауапкершілік жайлы түрлі ескерту парақтарын таратты.

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды