Шиеліде өрт сөндіру пойызы дайындықтарын пысықтады

Қауіпсіздік
23.02.2026, 11:44
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Шиелі өрт сөндіру пойызында ұйымдастырылған өрт-тактикалық оқу-жаттығу барысында жеке құрамның кәсіби шеберлігі мен жедел әрекет ету деңгейі сынға түсті.  

Жаттығу төтенше жағдайлардың алдын алуға және теміржол қауіпсіздігін күшейтуге бағытталды. Кезекті өрт-тактикалық оқу-жаттығу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Теміржол саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бұл шара төтенше жағдайлардың алдын алу, күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын жетілдіру және жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру мақсатында жоспарлы түрде жүзеге асырылды. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелердің жауапты басшылары мен аудандық азаматтық қорғау және төтенше жағдай оқу-жаттығуға бақылау жасады.

Шиелі станциясының жұп паркі аумағында орналасқан өрт сөндіру пойызымен бірлескен оқу-жаттығу барысында теміржолшылар мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары күштер мен құралдарды жедел жұмылдыру, апат орнына қысқа уақытта жету, өртті оқшаулау және зардаптарды жою тәртібін пысықтады. Шара барысында шартты төтенше жағдай сценарийі бойынша жедел әрекет ету, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, бөлімшелер арасындағы үйлесімді іс-қимыл деңгейі жан-жақты тексерілді. Оқу-жаттығу тек формалды іс-шара емес, нақты қауіп-қатерге қарсы тұру қабілетін шыңдайтын тәжірибелік алаң екені тағы бір мәрте дәлелденіп, шартты тұрде отқа орана бастаған вагон-цистернадан шыққан жалын әп-сәтте ақ көбікке оранып, тұншықтырылды.    

Шиелі өрт сөндіру пойызының бастығы Ғалымжан Болғанбаевтың айтуынша, кез келген төтенше жағдайдың алдын алуда ең басты құрал – дайындық пен тәртіп.

– Өртке қатысты күштер мен құрылымдардың өзара іс-қимылын жетілдіру, қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыру – біздің басты міндетіміз. Осындай оқу-жаттығулар арқылы біз әр маманның шеберлігін шыңдап, ұжымдық жауапкершілікті нығайтамыз, – деді бөлім басшысы.

Жаттығу барысында өрт сөндірушілер Досхан Жанайдарұлы мен Таңат Әден, газ түтінінен қорғау қызметінің шеберлері Ғалымжан Ахметов, Сейділдә Жылқайдаров, Нұрғали Дауренбеков өзара көмек пен кәсіби үйлесімділіктің үлгісін көрсетті. Олар әріптестеріне қолдау білдіре отырып, тапсырмаларды нақты әрі уақытылы орындап көзге түсті.    

Бөлімше басшылары Болат Жұмасейітов пен Самат Оңал бекітілген міндеттердің сапалы әрі дер кезінде орындалуын ұйымдастырып, басқарушылық шеберліктерін көрсетті. Ал көлік жүргізушілері Ахмет Шайхымбеков пен Нұрбек Өтегенов техникалардың жоғары дайындық деңгейін қамтамасыз етіп, жеке құрамды белгіленген нүктеге жедел жеткізу арқылы өздеріне жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқарды.

Қысқасы, оқу-жаттығу барысында барлық қызметтер жоғары ұйымшылдық пен қалыптасқан тәртіптің үлгісін көрсетті. Бұл – кездейсоқ жетістік емес, жүйелі дайындық пен кәсіби жауапкершіліктің нәтижесі. Теміржол саласында қауіпсіздік – ең басты құндылық. Сондықтан мұндай жаттығуларға бейжай қарау мүмкін емес. Әрбір оқу-жаттығу – шеберлікті шыңдаудың, өз ісіне адалдықты дәлелдеудің, кез келген қауіпке дайын болудың нақты мектебі.

Пойыз бастығы Ғалымжан Болғанбаев ұжымның кез келген төтенше жағдайға әрдайым дайын екенін атап өтті.

 

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды