Түрксібте ізі қалған теміржолшы

Темір жол тарихы
11.09.2023, 12:33
Сурет архивтен
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

 Аты аңызға айналған Түрксіб теміржолының құрылысы сол кездегі қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік тұрмысын түбегейлі өзгертуге ықпал етті. Қазақстанда теміржолшы кәсібі пайда болып,  жұмысшы интеллигенциясы қалыптасуы да Түрксібтен басталады десек, қателеспейміз. Нұрғали Амандосов – Түрксібте кәсіподақ ұйымын басқарған алғашқы ұлттық кадрлардың бірі.  

Қарағанды өңірінің тумасы Нұрғали Амандосов 1907 жылы дүние келген, өткен ғасырдың отызыншы жылдары елді қысқан ашаршылық жылдары отбасы күнкөріс қамымен Жетісу жаққа қоныс аударады. Көп ұзамай Түркістан – Сібір теміржолының құрылысы басталып, көппен бірге сол құрылысқа жер қазушы болып жұмысқа алынған ол Түрксібте ашылған түрлі курстарда оқып, сауатын ашып, білімін жетілдіріп, құрылыс біткенде нағыз маман болып шығады. 1930 жылы 20 сәуірде Айнабұлақ станциясында Түрксіб түйіскен салтанатты шараға қатысқандар қатарында болған Амандосов ендігі өмірін теміржол саласына арнауға шешім қабылдайды.  

Пайдалануға берілген алғашқы күннен бастап Түрксіб темір жолы сауатты жергілікті кадрларға мұқтаж болды. Сондықтан көзі ашық, көкірегі ояу, қолынан іс келетін азаматтарды жұмысқа тартып, тәрбиелеу жол басқармасының басты міндеті болды. Басымдық құрылыста жұмыс істеп шыңдалған кадрларға берілді.  Н.Амандосов Түрксіб теміржолының Жолдық кәсіподақ төрағасы болып сайланғанда отыздан асқан жігіт екен.  

Түрксіб темір жолында жұмыс күшінің тұрақсыздығы үлкен мәселе болды. Оның басты себебі – жалақының тұрақты берілмеуі, құрал-саймандар жетіспеуі, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайдың нашарлығы, т.т. болатын. Сондықтан теміржолшы халықтың  мүддесін қорғап, жергілікті халықпен тіл табысып, жұмысқа тарта білетін сауатты жігітті «Дорпрофсож» төрағалығына сайлаған Түрксіб басқармасының басшылығы кәсіподақ жұмысында тәжірибесі болмаса да Амандосовтың ұйымдастырушылық қабілеті мен өткірлігіне сенім артса керек.  

Теміржол басшылығының сенімі алдамапты. Дорпрофсож – ол кезде өте беделді ұйым, қалалық және партиялық кеңес алдында теміржолшылар мүддесі үшін кәсіподақ төрағасы жан алып, жан беріп еңбек етті. 1- Алматы ауданында тұтастай теміржолшылар қоныстанған квартал мен бірнеше мектеп, балабақша, стадион, теміржолшылапдың мәдениет үйі, тағысын тағы маңызды объектілердің бой көтеруіне Нұрғали Амандосовтың қосқан үлесі зор. Тек Алматы ма, жол бойындағы станциялардың да әлеуметтік жағдайы жақсарып, теміржолшылар тұрмысы түзелген тұс болды. 1938-39 жылдары теміржолда жұмысшылардың жалақысы 4,5 есе өсті.  

Ұлы Отан соғысы басталар кезде Н.Амандосов Мәскеуде білімін жетілдіріп, Көлік академиясының жылдамдатылған курсын бітіріп келді. Партия дайын кадрды Гурьев партия комитетінің көлік бөліміне меңгеруші етіп жіберді. Соғыс жылдарында майдан даласына теміржолмен қару-жарақ, керек-жарақ, мұнай өнімдерін жөнелту сынды жауапты жұмысты атқарды. Соғыстан кейін Талдықорған облыстық партия комитетінде кадр саласын басқарды. Мамандардың іскерлік және моральдық қасиеттерін білу мен бағалау, кез келген жұмыстың тігін жатқызып ұйымдастыру қасиеті оның бойынан табылатын еді. Сондықтан 1950 жылдары  Алматы теміржолына қайта оралған Н. Амандосов кадр бөлімін басқарып,    теміржолшылардың әлеуметтік мәселелерін шешу, салаға маман дайындау жұмысына бел шеше кірісті. Әсіресе ауылдан келген жастарды кәсіпке баулып, оқытып, тәрбиелеуге көп еңбек сіңірді. Сол жылдары құрылысы жүріп жатқан Ақтоғай – Достық теміржолына барған бір сапарында Жоңғар қақпасы ауданында қатты суық тиіп ауырып, сол науқастан айыға алмай бір жылдан соң 1964 жылы бір дүниеден өтеді.    

 Нұрғали Амандосовтың салаға сіңірген еңбегі мен қоғамдық қызметі жоғары бағаланып, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен және «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталған. 11 баласынан тараған ұрпақтары арасында теміржолда тер төгіп жүргендері баршылық, қызы Лейланың айтуынша, Амандосовтардың теміржолдағы жалпы еңбек өтілі 300 жылды құрайды.  

 

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты