Сталинград майданының жауынгері

Темір жол тарихы
30.04.2025, 13:39
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

 

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Тараз теміржол колледжінде осы білім ошағынан түлеп ұшқан соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған ашық тәрбие сағаттары өтуде. Солардың бірі Сталинград майданының жауынгері Садықбек Егембердиев соғыстан кейін көп жыл Жамбыл локомотив депосында еңбек етіп, зейнетке шыққан соң осы білім ошағында ұстаздық еткен.  

1940 жылы теміржол училищесі ретінде қайта құрылған Фабрика зауыттық оқыту мектебін теміржолшы мамандығы бойынша бітірген алғашқы түлектер қатарында Садықбек Егембердиев әскер қатарына шақырылып, азаматтық борышын өтеп жүргенде соғыс басталып кетеді.    

Дерекке сүйенсек, 1942 жылы училищеден 100-ден аса түлек соғысқа шақыру алған екен. Жартысынан көбі майдан даласынан оралмаған. Елге аман келгендері теміржол саласында еңбек етіп, өздері білім алған оқу орнына ұстаздық еткендері де аз емес.    

– Ардагерлердің өмір деректерінен құжаттардың көшірмелері мен тұтынған заттарын жинап, колледждің музейіне қойып жатырмыз. Садықбек Егембердиев 1940 жылы училищені «Паровоз машинисінің көмекшісі» мамандығы бойынша бітірген. 1942 жылы Кеңес әскерінің қатарына алыныпты. Соғыс басталғанда Саратов қаласында 3 айлық курста оқу-жаттығудан өтіп, одан әрі Сталинград майданына жіберілген, – дейді оқу-өндіріс шебері, колледж музейінің меңгерушісі Гүлжан Керменбаева.

Сталинград – Ұлы Отан соғысындағы шешуші майданның бірі болғаны мәлім. Сондай қанды шайқастардың бірінде Садықбек жараланып, госпитальға түседі. Бірнеше ай емделіп шыққан соң  НКВД колонна әскерінің 228-полкі құрамында қайта шайқасқа кіреді. Одан әрі Украина, Румыния, Польша, Германиядағы шайқастарға да қатысып, соғысты сержант шенімен аяқтаған Садықбек Егембердиев елге тек 1950 жылы наурыз айында оралады. Елге келген соң Жамбыл локомотив депосына машинист көмекшісінен бастап,  машинист, инструктор, депо бастығының орынбасары болып ұзақ жыл еңбек етіп,1979 жылы зейнетке шыққан соң көп жыл бір кезде өзі оқыған теміржол училищесінде «Машинист көмекшісі» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері болды. «Сталинградты қорғағаны үшін», ІІ дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» ордендерімен және «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған соғыс және еңбек ардагері 2018 жылы 94 жасында дүниеден озды.

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды