Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

Темір жол тарихы
06.05.2025, 09:03
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл бейбіт халықтың басына бұлт үйіріп, өлім отын шашқан сұм соғыстың аяқталып, Ұлы Жеңіс туының желбірегеніне – 80 жыл. Соғыс жылдарында майданда да, тылда да ерліктің хас үлгісін танытып, жеңісті жақындатуға зор үлес қосқан саланың бірі – темір жол және оның еңбеккерлері – теміржолшылар.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен оның еншілес ұйымдары соғыс кезінде және одан кейін темір жолда тер төккен ардагерлерді ешқашан ұмытқан емес. Жыл сайын Ұлы Жеңіс күні қарсаңында оларды ұлықтап, мерекелік көңіл күй сыйлайды. Бұл дәстүр биыл да жалғасын табады.  

Бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша есепте барлығы 8 ҰОС ардагері тұр. Олар: Астана станциясынан Василий Сердюков, Қостанайдан Андрей Шаров, Павлодардан Василий Григораш, Қарағандыдан Григорий Степенко, Шымкенттен Қалмен Мұратов, Ақтөбеден Александра Саратовцева, Оралдан Борис Шолубай, Ақмоладан Арсентий Щудляк. Бұдан бөлек Ленинград блокадасының 3 қатысушысы, 5 концлагерь тұтқыны, 1 ҰОС ардагерінің жесірі және 1000-ға жуық тыл еңбеккері бар. ҚТЖ тарапынан Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне 50 ЕАК мөлшерінде материалдық көмек берілді. 6 мамыр күні ардагерлерге Астанадағы Отан қорғаушылар алаңында «Мәңгілік алауға» гүл шоғын қою рәсімі ұйымдастырылып, мерекелік түскі ас беріледі. Сонымен қатар «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы шеңберінде ҚТЖ еріктілері соғыс және тыл ардагерлеріне қажетті азық-түлік себеттерін таратпақ. 9 мамыр қарсаңында бұл шараға өңірдегі теміржолшылар да үлес қосып, ардагерлерді үйлеріне барып құттықтап, сый-сияпаттарын тарту етеді.  

Жеңіс күнінің рухын теміржол көлігін пайдаланушы жолаушылар да сезіне алатын болады. ҚТЖ пойыздарының мультимедиялық порталында ҰОС қатысушылары мен батырлары туралы тарихи хроникалар, фильмдер, патриоттық сюжеттер көрсетілетін болады. Ал мамыр-желтоқсан аралығында «Саламатты Қазақстан» арнайы пойызы аясында шалғайдағы елді мекендерде тұратын соғыс және тыл ардагерлеріне көшпелідиагностикалық шаралар арқылы медициналық қызмет көрсетілетін болады.  

Тағы бір атап өтетін жайт, биылғы 15 сәуірден бастау алған «Соғыстың соңғы сарбаздары» ақпараттық кампаниясы 10 мамырға дейін жалғаспақ. Бұл тақырыптағы постерлер Компания қызметкерлерінің жұмыс компьютерлерінің экрандарында және әлеуметтік желілерде үзбей беріліп келеді.  

«Бұл постерлерде Жеңісті жақындатуға үлес қосқан жауынгерлердің ерлігі мен тағдырлары баяндалады. Әрбір постер – батырлық тарихын, еңбек ерлігін және Отанға деген сүйіспеншілікті паш етеді. Кейінгі ұрпақ кешегі өткен соғыс тарихын, ата-баба ерлігін білуі керек. Өйткені ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды», – дейді Ұлы Жеңіс күніне қатысты іс-шараларды ұйымдастырушы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің өкілдері.

 

Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап