Түрксібтің тарихы туралы не білеміз? (Жалғасы - 2)

Темір жол тарихы
28.04.2020, 16:14
Меруерт Өмірзақова

Басы: Түрксібтің тарихы туралы не білеміз?

ЖЕР КІНДІГІ – АЙНАБҰЛАҚ

1930 жылдың 28 сәуірінде үш жылға созылған ұлы құрылыс аяқталып, Айнабұлақта солтүстік пен оңтүстіктен бір-біріне қарама қарсы жылжыған құрылысшылар Айнабұлақта кездесіп, жол түйісті. 1446 шақырымға созылған теміржолдың ең соңғы рельстері төселіп, соңғы шпал салынды.

Осы тарихи сәтке куә болу үшін әрісі Мәскеуден, берісі Алматы мен Ташкенттен, тіпті шет елден де келген қонақтар алдында ең соңғы күміс балдақ қағылды. Түрксібтің түйіскен нүктесіндегі соңғы күміс балдақты қағу құрметі ең алдымен жармалық жолшы Ахметжан Мәженовке бұйырғаны – тарихи әділеттілік емес пе?! Әрине, ел мен жердің иесі, теміржолдың да ендігі қожасы сол Мәженовтер екенін Мәскеудің өзі мойындағандай…

Қонақтар қолдан жасап, жалаулармен, түрлі ұрандармен безендірілген трибунаға көтеріледі. Тұрар Рысқұлов құрылысшыларды үлкен еңбек жеңісімен құттықтап, Үкімет Түрксіб темір жолының құрылысшыларын "Еңбек Қызыл Ту" орденімен марапаттағанын жеткізеді. Тағы он адам жоғарғы мемлекеттік марапатқа ие болады. Олардың қатарында құрылыс бастығы Владимир Сергеевич Шатов, тағы бірқатар азаматтармен қатар екі қазақ - Ахметжан Мәженов пен Жұмағұл Балғаев болды. Әліпті таяқ деп танымаған, адал еңбегі мен еті тірілігінің арқасында осындай жетістікке жеткен Жұмағұл Балғаев Түркісіб құрылысында жер қазып, тас тасып жүріп рельс төсеп, балдақ қағуды үйренген екен.

Кейін алты ай Алматыға аға жұмысшылар курсына оқып келген соң 200 адамды басқаратын үлкен топ басшысы болды.

Сол сәттен бастап тарихқа Түрксібтің туған күні болып енген бұл күні Айнабұлаққа жиналған қалың елдің арасында «Жасасын Түрксіб!» деп ұрандатқан халық арасында қазақтар да аз емес еді.

Бұл – шын мәнінде қазақ халқы үшін тарихтың жаңа беті, жаңа дәуірдің бастауы болғаны анық. БайкалАмур магистралін, Петрококты (Петропавловск – Көкшетау) салған атақты құрылысшы Иван Осипович Бубчиков дұрыс айтқан: Түрксібті салып бастаған кезде жер қазушы болып жүрген қыр қазағы Ахметжан өзгелер секілді қолдың саласындай етіп «рельс тігуге» қызығып, бірақ мастер оны жолата қоймайды.

Сонда жол төсеушілердің бастығы Бубчиков әлгі мастер Бойкога: «Үйрет! Сен де, мен де Түрксібті саламыз да кетеміз. Ол қалады, осы жолдың қожасы сол, ертең жолшы болады» деген екен. Жаңа ғана соңғы қазығы қағылған, әлі «сиясы кеппеген» жолмен жүріп өткен пойызды қазақтан шыққан тұңғыш машинист Ақбай Көшкенбаевтың жүргізуінде де символикалық мәні бар екені анық.

Жалпы, алақандай Айнабұлақ ауылы үшін сол 1930 жылдың 28 сәуіріндегідей тарихи күн болмағаны анық. Оған дейін де, одан кейін де. Елеусіз коңыртөбел күн кешіп жатқан қазақ ауылы бір сәтте жер кіндігіне айналды, жан-жақтан мәртебелі меймандар, ұлы құрылыстың тарихи сәтіне куә болып, жер жүзіне хабар тарату үшін қаншама журналистер Айнабұлаққа ағылды. Жергілікті халық, қазақтар ше? «Аузы мұрнынан от шашқан алып қара айғырды» көру үшін ойданқырдан ағылған қисапсыз халық аттысы атпен, түйеге мінгені, арбамен жеткені, жаяу-жалпы шұбырғаны бар, Айнабұлақты бетке алыпты.

Оларға бәрі таңсық еді, жазық далада домбыраның қос ішегіндей созылып жатқан шойынның үстімен өздігінен жүріп өтетін «шайтан арбаны» өз көздерімен көріп тамашалады. Бұл – жаңа өмірдің, индустрияландырудың бастамасы екенін, санаулы жылдардан кейін Түрксіб талайының тағдырына айналарын, әрине, ол кезде олардың бәрі бірдей білген жоқ…

***

1930 жылдың 1 мамырында Кеңес үкіметінің «Түркістан-Сібір темір жолын ашу туралы» қаулысы жарияланады. Ол бойынша жаңадан ашылған жол уақытша пайдалануға беріледі, және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар легі белгіленіп, инфрақұрылымды дамыту, станциялар мен деполар салу, магистраль айналасына елді мекендер қоныстандыру тағысын тағы атқарылатын жұмыстар көп еді.

Түрксібтің өндірістік-техникалық бөлімін басқарған Мұхаметжан Тынышпаев желіні пайдалануға беруге дайындауға тікелей жауапты болды. Сондықтан жол бойында пайда болған станциялар мен разъездер, сумен жабдықтау нысандары, тағысын тағы жұмыстарды ұйымдастырудың бел ортасында жүреді.  

Түрксіб 1931 жылдың 1 қаңтарында тұрақты пайдалануға берілді. Бірақ, бұл – Тынышпаевтың туған халқының алдындағы соңғы перзенттік борышын өтегені еді. Көп ұзамай қамауға алынды. Ешқандай қылмыстық дәлел табылмаса да 1932 жылы бес жылға Воронежге айдауға жіберіліп, Донецк-Москва темір жол құрылысында жұмыс істейді. Бір қызығы, ол құрылысты да Владимир Шатов басқарған. Күні кеше Түрксібті бірге салған, бір-бірімен терезесі тең адамдар болып қатар жұмыс істеген жандардың қарым-қатынасы қалай болды екен деген ой туады.

Себебі, бұл жерде олардың біреуі құрылыстың бастығы да, екіншісі – тұтқын болатын. Мәліметтерге сенсек, Шатовтың өзі де кезінде айдауда болған, кеңес үкіметін орнатқан озық ойлы революционерлер қатарындағы батыл, әділ де қайырымды жан болғаны айтылады. Түрксіб құрылысы кезінде де жергілікті халықты жұмысқа тартып, олар үшін қысқа мерзімді курстар ашып, кәсіпке үйренуіне ықпал еткен еңбегі сөз болады. Сондықтан Шатов айдауда жүрген қазақ инженеріне оң көзқараста болып, арда азаматтың азапқа толы өмірін жеңілдетуге сәл де болса көмегі тиді деп ойлағымыз келеді.

Сонымен қатар, Шатовтың өзіне де сталиндік репрессияның қара бұлты үйіріліп келе жатқан. 1937 жылы ол да қамауға алынып, халық жауы ретінде атылды. Осы жылы Тынышпаев айдаудан оралып, Ташкентке оралғанымен, онда да тыныштық таба алмайды. Ұзақ жылғы ауыр да азапты еңбек оның денсаулығын да күйреткен еді. Сол жылы түрмеде өледі.

Түрксібте тұған тұлғалар (Жалғасы - 3)


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?