Екі жылға созылған іссапар

Темір жол тарихы
08.05.2020, 12:04
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Соғыс жылдары Украинада маневр диспетчері болған шымкенттік ардагер Абдулла Жұманов биыл 94 жасқа келеді. 8 ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан тараған немере-шөберелерінің арасында бақытты ғұмыр кешіп отырған қария соғысқа да теміржолшы ретінде қатысуымен ерекшеленеді.

– 16 жасымда теміржолға жұмысқа тұрдым. 1942 жылы 2 маусымда Ташкент темір жолының Түркістан станциясында техникалық бақылаушы болып бастадым. 1943 жылы қыркүйекте үш айға курсқа барып, оқып келгесін №31 разъезде кезекші болып жүрген жерімнен Украинаның Киев қаласына іссапарға жіберілдім. Қаланы жау әскерінен босатқан кез. Кеңес әскерлерінің жүріп-тұруын ұйымдастыру үшін теміржолшылар керек болды», – дейді ардагер өткенді еске алып.

Майдан жанындағы оңтүстік-батыс темір жолында қызмет атқарған ардагер Киевтің іргесіндегі Волинск станциясында маневр диспетчері болып станциялық парктер жұмысына жауап береді.

Сол екі жыл тікелей қару алып жаумен соғыспаса да соғыстың барлық қауіп-қатерін бастан кешеді.

Соғысқа қару-жарақ техникаларын, авиацияға қажетті отын, солдаттарға арналған азық-түлік бәрі ашық вагондармен жөнелтілген екен. Күн сайын неміс ұшақтары қаланы бомбалап жатса да теміржолшылар станцияның парктерін, жолдарын реттеп, алыс-беріс қатынастың үзіліп қалмауына күш салыпты.

– Үш күн сайын санитарлық пойыз жаралыларды алып келеді. Оларды Киевтегі әскери госпитальға орналастырады. Немістің ұшағы төбемізден күнара атқылап кететін. Бомбалаудан аман қалсын деп соғысқа қажетті заттардың барлығын жасырып қоятынбыз. Ал ашық вагондармен заттарды жөнелткен кезде оған зенит орнататынбыз. Күніне 3-4 вагон танк, пулемет, т.б. техника, қару-жарақ, тамаққа жарайтын барлық азық-түлікті майданға жөнелтетінбіз. Жұмыс кестеміз ол кезде 12 сағат болды, үш ауысыммен істедік. Бірде станцияға түскен бомбыдан құжаттарым, киімдерім түгел жа нып кетті, – деді ҰОС ардагері.

1945 жылы 1 сәуірде Жұман атаның екі жылға созылған ісспары аяқталып, елге қайтып келіп, Түркістан станциясында кезекші болып жұмысын жалғастырады. 1948 жылы 24 желтоқсанда Түркістан бөлімшесінің пойыз диспетчері болып жоғарылайды. 1949 жылы жаңадан ашылған Арыс бөлімшесіне пойыз диспетчері болып ауысады. 1950 жылдың 1 мамырынан 1963 жылдың тамыз айына дейін Арыс жол бөлімшесі бойынша кезекші қызметін атқарады. 1963 жылы тамызда Алматы темір жолының Шымкент бөлімшесінде пойыз диспетчері, бөлімше бойынша кезекші, аға диспетчердің орынбасары қызметтерін атқарды. 1988 жылдың 9 наурызынан зейнетке шығады. Алайда, зейнетке шықса да Жұман ата Шымкент бөлімшесінің таразы шеберханасында жолсерік қызметін өз еркімен жалғастырып, тағы бірталай жыл еңбек етіп, бас-аяғы теміржол саласына 52 жыл ғұмырын арнаған екен. Жұман ата еңбегіне лайық сый-құрметке де ие болды. Кеңес одағының ең жоғарғы наградасы «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталды. Бүгінде оңтүстік жұрты Абдуллаевтарды «теміржолшылар әулеті» деп таниды. Абдуллаевтар теміржолдың әр саласында жемісті еңбек етуде.

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті