Еңбек нарығында жолшы мамандығы тапшы

Аймақтар
17.01.2023, 09:44
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшы болғысы келетін жастардың басым бөлігі қозғалыс саласында қызмет етуді таңдап жатады. Диспетчер, станция кезекшісі болуға құмар. Әрине, оларды пультте отырып пойыздар қозғалысын басқару қызықтыратыны сөзсіз.

Десек те, теміржол саласында мамандықтың жаманы жоқ дер едік. Ал еңбек нарығында жолшы мамандығы тапшы көрінеді.

«Жұмыс беруші тарапынан жолшы мамандарға сұраныс бар, ал жастар жағын басқа сала қызықтырады. Әрине, сом темірді сүйретіп, ертелі-кеш далада жүріп, теміржолдың күтімін жасау, рельс-шпалды алмастыру оңай жұмыс емес. Дегенмен қазір техника жетілдірілген, жаңа инновациялық шешімдер енгізіліп жатыр. Сондықтан, жастардың жолшы кәсібін таңдауына еш кедергі жоқ», – дейді Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі директорының орынбасары Марат Рамазанов.  

Бүгінгі таңда оқу орнында 1500-ге жуық студент бар. Өңірдегі теміржолшылар даярлайтын жалғыз оқу орны. Батыс аймақтағы теміржолшылардың 80 пайызы осы мекемеде білім алған. 90 жылдық тарихы бар колледж жылына 500- ге жуық түлекті дайындап шығарады екен. Жылына 250-350 студент қабылданады. 90 жылда 50 мың маман дайындалған. Түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші жоғары. 92-93% құрайды. Теміржол мекемелерімен тығыз байланыс орнатқан, сұранысқа сай мамандықтар әзірлейді. Ең көп студент «қозғалыс қызметін басқару және ұйымдастыру» бөлімінде оқиды екен.  

«Диспетчер болғым келеді» дейтін жастар көп. Біреулері шын қалап қызығып келсе, кейбір жастар ертең сатылап өсуге ыңғайлы, жеңіл сала деген көзқараста. «Жолшы болып қызметте өсе алмайсың» деген түсінік қалыптасқан. Одан бөлек, бұл мамандық – сонау 1932 жылы ашылған ең байырғы бөлім. 90 жылдық тарихы бар. Бұл да қызығушылықты арттырады. Осы колледжде 40 жылдан астам еңбек етіп жүрген ұстаздарымыздың шәкірттері қозғалыс саласында, басқару аппаратында үлкен қызметтерде отыр», – дейді директордың орынбасары.  

Оқу орны заманауи технологиялармен жабдықталған. Жас маман студент кезінен бастап өзін теміржолшыдай сезінуге жағдай жасалған. Микропроцессорлық орталық жүйесі бар. Жезқазған-Бейнеу желісінде енгізілген. 2020 жылы 300 млн теңгеге теміржол мамандықтарына қатысты құрал-жабдық сатып алыныпты. Оқу орны теміржол мекемелерінің басшыларымен келісіп, жас теміржолшыға қажет деген жабдықтармен толық қамтылған.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады