Әке көрген оқ жонады

Аймақтар
15.12.2023, 10:50
Суретті түсірген автор
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

Ел тәуелсіздігін алып, егемендікке қолы жеткен тұста алғашқы қадамын басып, айналасын тани бастаған балалар бүгінде ордабұзар отыздан асып барады. Маңғыстаулық Марлен Көктеубаев та сондай жастардың бірі. Балалық шағы егеменді елдің қиын-қыстау жылдарымен тұспа-тұс келіп, титтейінен ақ-қараны ажыратып, ерте есейген.

М.Тынышпаев атындағы көлік академиясын бітіріп, Маңғыстау жол дистанциясында жол жөндеуші болып бастаған Марлен 2012 жылдан Өзен-Түркіменстан бағытындағы Бастау, Ақбөбек бекеттерінде жол бапкері, жол шебері болса, кейін Ірілендірілген Маңғыстау жол дистанциясында еңбек қорғау инженері, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі өндірістік-техникалық бөлімнің жетекші инженері, жол бөлімінің жетекші инженері міндеттерін атқарады. Жұмыстың басы-қасынан табылып, қаншама шаруаны ширатуға атсалысты. Ерсай, Боржақты, Құрық портыжолдарын қабылдаған жауапты сәттерді бастан кешті. Бүгінде Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің басшысы. 

Теміржолшылар шаңырағында дүниеге келген ол өзінің алғашқы ұстазы саналы ғұмырын локомотив депосында өткізген әкесі Жеткізген Көктеубаев деп біледі. Тек әкесі емес, атасы да өмір бойы машинист болған.

– «Әке көрген оқ жонар» деп қазақ бекер айтпаса керек. Біздің атадан келе жатқан отбасылық ұранымыз «Темір жолда темірдей төзімді бол!». Атам Болат Көктеубаев киелі Маңғыстаудың маң даласын қақ жарып, күретамыры боп жеткен теміржол шаруашылығына 1967 жылы келіпті. Жаңадан ашылған Маңғышлақ локомотив депосына тепловоз жөндеуші болып орналасады. Қысқа мерзімді курсты бітіріп, көмекші машинист болып, өмірінің соңына дейін еңбек еткен. Әкем де 1980 жылы депоға тепловоз жөндеуші болып жұмысына қабылданып, бір жылдан соң көмекші машинист болады. Көп ұзамай тепловоздың оң қанатына отырып, жүк және жолаушы тасымалын жүргізді. Машинист-нұсқаушы қызметін де атқарды. Олардың абыроймен басып өткен еңбек жолы менің де болашақ мамандығымды айқындап бергені анық, – дейді кейіпкеріміз. 

Марлен Көктеубаевтың мәліметінше, түбек темір жолы биылғы қысқа тыңғылықты дайындықпен келген. Бүгінде бөлімше жолы 1115 шақырымды құраса, соның 522 шақырымы түйіспесіз жол. Жолдың сапасын арттыру мақсатында биыл 24 бағыттама бұрмасы мен 54 шақырымдай түйіспесіз жол ауыстырылған. №2-3 бекет аралығында 663 дана темірбетонды шпал ауыстырылған. Нәтижесінде жолдың жағдайы жақсарып, көрсеткіш айтарлықтай өскен. Сонымен қатар 160 шақырым малға қарсы қоршау салу жоспарланса, қазір соның 120 шақырымына қолданыстан шыққан ескі ағаш шпалдар орнатылып, 70 шақырымында сымы тартылған. Ауа райының қолайлы күндерін пайдаланып, алдағы уақытта бітіру көзделуде. Сондай-ақ қысы-жазы жол бойында жүретін жол жұмысшыларының жағдайын жақсарту бағытында 130 будка жабдықталып, перегондарға қойылған. Іші жылы, керек-жарақпен жабдықталған үйшіктерде жолшылардың демалып, жылынып, аяқ суытып алуына барлық қолайлылық бар. 

– Қыс – ең алдымен жолшыға сын. Жауапкершілік жүгі онсыз да ауыр кәсіп иелерінің алты ай жаз атқарған жұмыстарының қорытындысы осы қатал маусымда көрінеді, – дейді жас та болса тәжірибелі маман. 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты