Желтоқсанда жалындаған жүректер

Аймақтар
15.12.2023, 11:14
Оқуға 3 мин
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздіктің алтын бесігі Алматыда болған желтоқсан оқиғасы талай жүрекке жазылмас жара салғаны шындық. Сол тарихи оқиғаға куә болған ақтөбеліктер қатарында теміржолшылар да аз емес.

Күні кеше Ақтөбедегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайында желтоқсаншылардың қатысуымен тағзым ету шарасы өтті. Оның аясында «Желтоқсанда жалындаған жүректер» тақырыбындағы көрменің ашылуы болды. «Есімде елең-алаң, сол бір алаң» атты тарихи-танымдық дөңгелек үстел басында кездескен желтоқсаншылар «Желтоқсан жаңғырығы» кітабының тұсаукесерін жасады, естеліктер айтты. 

Теміржолшы Алтай Жанжігітов 37 жыл сақтаған фотоаппарат объективін мұражайға өткізді. Ол 1986 жылы Алматы қаласында малдәрігерлік институтының 1-курс студенті болған. Бір топ жігіт алаң толы жастарды суретке жастарды түсіріп жүрген фотографты қуып жетіп, фотоаппаратын тартып алған. 

«Ертеңгі күні айғақ болмасын деп пленкасын ағызып жібердік. Фотоаппаратты тартып алмасақ, көп жастарымыз қудалауға түскен болар еді. Себебі көтеріліс тарап, 20 күн өткен соң институтқа үлкен альбом алып келді. Сол кезде курстасым Ерлан Бейсембаев плакат ұстап тұрған суреті арқылы 7 жылға сотталып, 4 жыл отырып шықты. Мұхтар Шахановтың арқасында кейін ақталды. Мені ешкім ұстаған жоқ. Коммендантқа алғыс айтамын. Ол фотодан көрсе де танымаймын, менің студентім емес деген», – деп естелік айтты сол фотоаппараттың объективін сонша жыл сандықта сақтап, музейге тапсырған Алтай Жанжігітов. 

Отыз жыл теміржол саласында еңбек еткен желтоқсаншы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның қызметкері. Ақтөбелік тағы бір теміржолшы Жұлдыз Үмбетәлі желтоқсанның сол бір ызғарлы күндерін әлі күнге қинала еске алады. Сол жылы Алматы теміржол техникумының 3-курс студенті әне-міне жас маман болып шығам деген арман-мақсатының жазықсыздан жазықсыз күл-талқаны шығарын кім білген...

– 17 желтоқсан күні сабақтан шыққан соң Брежнев алаңына бардық. Алқынжұлқын қақтығыс басталып кеткен кез. Алаңда тұрғандарды ортаға алып, шығармай, сырттан кіргізбей жатыр екен. Біз кептелісте қалып, алаңға жақындай алмадық. Бәрін көзімізбен көрдік. Өрімдей қыз-жігіттерді көк ала торғайдай етіп сабап жатты. Сүйретіп апарып анадайда тұрған автобусқа тиеп жатты. Алып қалуға ұмтылғандар да таяқтың астында қалып жатты... – дейді көзіне еріксіз жас алған кейіпкеріміз. 

Жұлдыз Үмбетәлі қырық жылдан аса еңбек өтілінің 25 жылын теміржол саласына арнаған. Еңбек жолын 17 жасында бастап, Шалқар локомотив депосында түрлі қызметтер атқарды. Күні кеше «Қамқор Локомотивтің» Шалқар филиалынан зейнетке шықты. Айтуынша, сол кезде алаңға жете алмаса да қудалауға ұшырап, өз еркімен оқудан шығуға арыз жазуға мәжбүр болған. Кейін арада жылдар өткенде ғана сырттай оқуға түсіп, диплом алған. 

– Ойласам, әлі күнге дейін жүрегім ауырады. КСРО-ның отаршыл, әміршіл-әкімшіл жүйесіне наразылық танытып, алаңға шыққан 20 мыңнан аса желтоқсаншылар аса қатыгездікпен басылып, жаншылды. Ал араға тура бес жыл салып, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғары Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылдады. Бұл күн – 1986 жылы алаңға шыққан барлық жастардың күш-жігері мен күллі қазақ жұртының арманы орындалған күн еді... – дейді Желтоқсан оқиғасының куәгері. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды