Еңбек адамы: Құрылғыларды қалпына келтіруші Надежда Бакланова

Аймақтар
27.01.2025, 09:32
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс белгі беру және байланыс дистанциясында 30 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Надежда Бакланова бүгінде КИП бақылау-сынау пунктіндегі релелік СОБ құрылғыларының электромеханик-қабылдаушысы.  

Мектеп бітіре сала  Арыс қаласындағы теміржол колледжінде «электромеханик» мамандығы бойынша білім алып,  осы мекемеге келген ол  содан бері тынымсыз тер төгіп келеді.

ШЧ-38 Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының   бастығы Нұрлан Жүнісовтің айтуынша, қазіргі кезде аймақтағы пойыз қозғалысы микропроцессорлы диспетчерлік орталық жүйесінің (МП АСДЦ) озық технологияларының көмегімен реттеледі. Орталықтандырылған цифрлық жүйенің тиімділігі сол, егер учаскеде қандай да бір белгі байқалмай немесе бағыттағыш бұрма қажет тұсқа аумай қалған жағдайда, ол туралы ақпарат диспетчерлік орталықтағы экраннан сол мезетте-ақ көрінеді екен. Жауапты мамандар шұғыл ақау анықталған тұсқа жетіп, істен шыққан құрылғыны қалпына келтіру үшін Надежда Юрьевна секілді бесаспап маманның темір үстеліне қояды...

– Дәл қазір мен белгі беру құрылғыларының жай-күйін тексерумен айналысып отырмын. Яғни бізге дейін жөндеуден шыққан құрылғының бүтіндігі мен жалғанған тұстарын, дұрыс жинақталуын, бекітпелерін, электрлі және механикалық сипаттамаларын арнайы құралдармен тексеремін, – дейді тексеру стенді деп аталатын үстел үстінде жатқан құрылғыны зерделеп отырған  Надежда Юрьевна.

Әріптестері соңғы тексерістен өткізу үшін алдына әкелген құрылғыны тексеру ТША типті арнайы құралдың көмегімен жүзеге асырылады.  Бұл деректерді кодтау құрылғысы болып табылады. Тексеру процесі ойдағыдай орындалып біткен соң, құрылғының дұрыс жөнделгенін және оны тексерген жауапты қызметкердің аты-жөні жазылған бирка ілінеді. Оған жөнделу мерзіміне қатысты деректер де жазылып, толтырылады.  

Бүгінде 300-ге жуық қызметкердің басын қосып отырған Арыс белгі беру және байланыс дистанциясында Надежда Юрьевна секілді тәжірибелі мамандар аз емес. Олар Орынбор-Ташкент темір жолының 3102 мен 3344 км аралығында орналасқан 1037 бағдаршамдық белгі беру құрылғысының мінсіз жұмысын қамтамасыз етіп келеді. Одан бөлек, өздеріне тиесілі учаске бойында 583 бағыттағыш бұрманың қалыпты жағдайда жұмыс істеуін мұқият қадағалайды.  

Бұл –  Надежда Бакланова сынды өз ісінің кәсіби мамандарының көзге көрінбейтін, бірақ өте күрделі де жауапты жұмысының нәтижесі екені анық.

 

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады