Түбек жұрты Наурыз мейрамын түгел тойлады

Аймақтар
26.03.2025, 15:41
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ұлыстың ұлы күнінде түбек теміржолшылары аудан орталығындағы алаңға үй тігіп, Мұнайлы ауданындағы мекемелер және халықпен бірге атап өтті. Алты қанат ақбоз үй  Маңғыстау жүк тасымалы және Маңғыстау магистральдық желі бөлімшелерінің атынан бой көтерді.

Бұл үй екі күн бойы келген қонақтарды қарық қылды. Наурыздан бір күн бұрын теміржолшылар онда ауызашар беріп, ораза ұстаған жандарға қызмет етсе, мерекеде ауданның Наурыз тойына атсалысып, келген тұрғындарды, сала ардагерлерін қарсы алды. Қос бөлімшенің басшылары Нәжімеден Ғұбашов пен Ерназар Ізтұрғанов та сол жерден табылды. Жиналған жұртты Наурыз мейрамымен құттықтаған олар жылы лебізін білдіріп, әріптестерімен бірге мерекелік іс-шараны атап өтті.    

Наурызға арналған тағы бір ағаш үй мерекеге бірер күн қалғанда Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының да ауласында тігілген болатын. Онда сала кәсіподағының қолдауымен ұлттық дәстүрді жаңғыртып, мерекелік көңіл көтеретін ойындар өткізілді. Теміржолшылар ұлттық спорт түрлерінен жарысып, ұлттық көріністерді сахналады.   

     

Ұлттық спорт ойындардан, ләңгі тепкен жігіттер қатарында 1,2,3 орындарды телім басшысы Мұхтар Кужекбаев, дәнекерлеуші Жетпісбай Колбаев, радиобайланыс электромеханигі Қалнияз Ізбасов жеңіп алды. Арқан тартуда бірінші орын шеберхана цехының, екінші орын СОБ Маңғыстау цехының, үшінші орын радиобайланыс цехының тобына бұйырды. Гір тасын көтеруде арнайы техника жүргізушісі Талғат Демеген, СОБ электромеханигі Дәулет Жалғасов, Дәнекерлеуші Жетпісбай Колбаевтың алдына ешкім түсе алмай, білекті жігіттер бас жүлделерді алды. Дистанцияның әйел-қыздар қауымы да өздерінің нәзік болғанына қарамай сайысқа келгенде күштің «атасын» танытты. Бірінші орынды радиобайланыс электромеханигі Маржан Иманғалиева, екінші орынды байланыс электромеханигі Гүлшат Кемалова, үшінші орынды инженер Мая Ақназарова еншіледі. Ер азаматтардың да қол күресі қызықты өтті. Бірінші орын арнайы техника жүргізушісі Талғат Демегенге, екінші орын КТСМ электромеханигі Қуаныш Қылышаевқа, үшінші орын электромонтер КИП СЦБ Серікбол Смайловқа бұйырды.  

Сайыс жеңімпаздарының барлығы бағалы сыйлық және дипломдармен марапатталды. Дәл осындай наурыз-думан Болашақ, Бейнеу теміржолдарында да өтіп, ұлыстың ұлы күні кең көлемде тойланды.    

Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды