Маңғыстауда жоспарлы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Аймақтар
20.05.2025, 08:20
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде жазғы мерзімге жоспарланған жол жөндеу жұмыстары ақпан айының екінші жартысында бастау алған. Содан бері көп уақыт өтпесе де қазірге дейін белгіленген жылдық меженің біраз бөлігі орындалды. Нақтырақ 5,9 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті.

Жалпы бөлімше биыл Сайөтес – №7 бекет аралығында 15,7 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізеді. Сонымен қатар Маңғыстау жол дистанциясында 11, Бейнеу жол дистанциясында 21 жиынтық бағыттамалық бұрманы ауыстыруды жоспарлаған. Осыған дейін соның үштен бірінде белгіленген жұмыстар жүзеге асқан немесе барлығы 11 жиынтық бұрма ауыстырылған.  

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапасын жақсарту бағытындағы басқа да жұмыстардың ретімен таныстырған бөлімшенің жол бөлімі басшысы Нұрлыбай Қисаевтың айтуынша, осы жылы бөлімшеге қарасты жолдарға күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары да жүргізілмек. Станция жолдарына қатысты аталған жоспар Бейнеу жол дистанциясы бойынша 9,7 шақырымды құрайды екен. Бүгінге дейін соның 5,4 шақырымы күшейтілген орташа жөндеуден өткізілген.  

– Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі бойынша жол жөндеу жұмыстары межеленген жоспар аясында іске асырылып жатыр. Жоғарыда атағанымыздай, күрделі жөндеу жұмыстарына жылдың екінші айында кірістік. Бұл жұмыстарға Ақадыр машиналандырылған жол дистанциясының арнайы техникалары мен мамандары жұмылдырылған. Бұдан басқа биыл біраз жерге малға қарсы қоршау салуды ойлап отырмыз. Қазірге дейін жоспардағы 107 шақырымнан 4 шақырым жол қоршалды. Өйткені аталған жұмыстар енді ғана, сәуір айында басталып жатыр. Жыл аяғына дейін ПЧ-12 Бейнеу дистанциясында – 54 шақырым, ПЧ-13 Манғыстау дистанциясында 53 шақырым жолға мал кіре алмайтын қоршау салатын боламыз. 450 шақырым малға қарсы қоршауды ағымдағы жөндеуден өткіземіз. Жөндеу жоспарындағы 75 шақырымы жүзеге асты. Жұмыс әрі қарай жалғаса береді, – дейді жол бөлімі басшысы.  

Еске сала кетсек, түбектің магистральдық желі бөлімшесінде өткен жылы қырық шақырымға жуық жол жөнделген еді. 17 жиынтық бағыттамалық бұрма ауыстырылып, станциялық жолдардың 2,645 шақырымы темірбетонды шпалдармен нығайтылса, жолға мал шығуының алдын алу бағытында 145,5 шақырым жерге қоршау салған болатын.

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады