Балаларға базарлық

Аймақтар
03.06.2025, 08:08
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі мен кәсіподақ ұйымы бірлесіп арысы Бейнеу, Болашақ, берісі Ақтау, Құрық аралығындағы станция-бекеттердегі жұмысшылардың балаларына тамаша мереке ұйымдастырды.

Облыс орталығындағы Ақтау ойын-сауық орталығында тәттілер таратылып, кинотеатрда фильм тамашалау мүмкіндігі берілді. Бейнеу станциясы мен оған жақын басқа да бекет-станциядағы балақайларға екі күндік іс-шара жоспары жасалды. Бірінші топ «Сәлем кидс» орталығындағы ойын-сауықтың куәсі болса, екінші тобы төртінші маусымдағы мерекелік кешке шақырылды. Болашақ станциясындағы бүлдіршіндер аула клубына жиылып, уақытын мазмұнды өткізді. Онда топтық жарыстарға қатысып, ән айтып, би билеп, сыйлықтарға ие болды. Кәсіподақ ұйымы Шетпеде де балаларға көңілді кештің билеттерін тарту етті. Шетпе, Сайөтес станциялары мен №10, 11, 12 бекеттердегі балақайларға арнап ойын-сауық орталығында аниматорлар мен ойындар, фуршет пен мерекелік бағдарламаны өткізуге қаржы бөлді. Жаңаөзендік балғындарға базарлық қаладағы балалар паркінде жалғасты. Онда балалар қалағанша ойнап, сайыстарға қатысып, тәттілер мен ойыншықтар алды.  

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетовтің айтуынша, биыл бөлімшенің кәсіподағы шалғайдағы станция балаларын көбірек қамтыған. Вагон және локомотив деполарының іс-шарасы бөлек. Локомотившілер Мұнайлы аудандық ерекше балалардың мерекелік кешіне демеушілік жасап, сыйлықтар алып берген. Деполықтар балаларына аниматорлар қатысқан ертегілік кеш сыйлаған.  

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады