Теміржолда өрілген тағдыр

Аймақтар
13.06.2025, 08:49
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қырық жылдан астам ғұмырын теміржолға арнаған маңғыстаулық Маралбек Нұрмағанбетов зейнет жасына жетті. Соңғы сегіз жыл түбек теміржолының қалпына келтіру пойызын басқарған оны әріптестері зор құрметпен зейнетке шығарып салды.

Атыраудың тумасы болса да түбектің төл перзентіндей болған кейіпкеріміз 2007 жылы Маңғыстау жол бөлімшесі ашылғанда шақыртумен өңірге қоныс аударып, бөлімшенің пойыз диспетчері – бөлімше кезекшісі қызметіне кіріскен. Содан бүгінге дейін Маңғыстау теміржолының өсіп-өркендеуі жолында бар күш жігерін сарп етіп келеді.  

1982 жылы Гурьев теміржол техникумын техник-жолшы мамандығы бойынша бітіріп, Гурьев жол дистанциясына үшінші разрядты жол жөндеуші болып жұмысқа тұрған ол кейін қозғалыс саласына бет бұрып, №16 бекетте, Бақсай, Туманный, №18 бекеті мен Қызылжар станцияларында кезекші, пойыз диспетчері болған. Маңғыстаудағы еңбек жолында да бөлімшенің пойыз диспетчері – бөлімше кезекшісі болып бірталай жыл қызмет атқарып, 2018 жылы өңірдегі Маңғыстау қалпына келтіру пойызының тұтқасын ұстайды. Күні бүгінге дейін мекемені абыроймен басқарып келді. «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері.  

Маңғыстау магистральды желі бөлімшесінде өткен салтанатты жиынға арысы Астана мен берісі Атыраудан арнайы келген қонақтар мерейтой иесін құттықтап, ұзақ жылғы адал да жемісті еңбегі үшін алғыс айтты. Олардың қатарында Магистральдық желі дирекциясы мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі және қалпына келтіру пойызы департаментінің директоры Қанат Исмайлов, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Аслан Базарғалиев, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашов, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ерназар Ізтұрғанов т.б. азаматтар жүрекжарды құттықтау тілектерін жеткізіп, мерейтой иесін Құрмет грамотасы мен «Қазақстан темір жолына - 120 жыл» медалімен марапаттап, бағалы естелік сыйлықтарын табыс етті.  

Әріптестері бірауыздан Маралбек ағамыздың саладағы еңбегіне жоғары баға берді. Оның туа бітті теміржолшы болып қалыптасып, қауіпсіздік қағидаттарын «Жеті жарғыдай» өмірлік ұстанымы етіп, бұлжытпай орындайтын қасиетін сөз етті.

Маралбек ағаның жары Рая Халикова да Құрметті теміржолшы атанған мықты маман екенін айтпай кете алмаймыз. Ұзақ жылдар Маңғыстау станциясында дөңес кезекшісі болып қызмет атқарады. Ал қос теміржолшыдан туған ұл – Самат Нәжімеденов Маңғыстау локомотив депосында машинист, оның жары бөлімшенің қаржы бөлімінде жұмыс істейді.  

− Теміржол менің тағдырыма, бүкіл өміріме, отбасыма айналды. Теміржолшы кәсібі бізді көп нәрсеге үйретті, тәриеледі, шыңдады, өсірді, жеткізді, – дейді тұтас бір теміржолшылар отбасының алтын діңгегіне айналған Маралбек Нұрмағанбетов.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда