Семей жол дистанциясында еңбек жағдайы жақсаруда

Аймақтар
24.07.2025, 12:01
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жол дистанциясында жазғы жол жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Сәйкесінше теміржолшылар үшін еңбекке қолайлы жағдай жасау, еңбек және өндірістік қауіпсіздікті сақтау шаралары алдыңғы орынға шықты.

Қазіргі күні Жаңа-Семей – Дегелең, Семей – Локоть бағытына қызмет көрсететін ПЧ-39 мекемесінде 218 адам зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайында қызмет етуде. Оның ішінде 50 теміржолшы зиянды деп есептелетін жағдайда еңбек етеді. Барлығы да толық көлемде сүт өнімдерімен қамтылған.

Сонымен қатар дистанция қызметкерлері еңбек ететін желі бойында екінші тоқсанда қосымша тексеру шаралары жүргізіліп, тұрмыстық қажеттіліктер түгенделген. Арнайы гардеробтар, шкафтар әзірленіп, керек-жарақтар жүз пайыз қамтамасыз етіліпті. Дегенмен теміржолшылар сұранысына орай жаз мезгілінде әлі де атқарылуы тиіс шаралар бар. Мәселен, желі бойындағы душ кабиналарының санын 15-ке жеткізу керек.  

Еңбек және өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша тек екінші тоқсанның өзінде ғана дистанция басшысы Рахат Ботаспаев және бас инженер Мырзабек Керейбаевтың қатысуымен 38 арнайы тексеру  жүргізілген. Өндірістік телімдер, цехтар да толық назарға алынып, теміржолшылар игілігі үшін 56 мәселе қағазға тіркелген.  

Жолшылар үшін жылыну үйшіктерінің маңызы зор. Бұл орайда Дегелең, Шаған,  Белағаш, Талды, Ауыл, Дүйсекен, Семей және Жалпақ станцияларында қосымша жылыну пункттері салынып, мұндай нысандар саны 25-ке жеткізіліпті.

Жыл басынан бері ешкім тәртіптік жазаға тартылмаған. Қызмет барысы техникалық нормаларға сай, арнайы нұсқау аясында өтуде. Соңғы үш ай ішінде 12 техникалық дәріс өткізіліпті. Ал арнайы аттестациялаудан 331 теміржолшы өтіп, еңбекті қорғау бойынша білімдерін дәлелдеген.

– Жыл басынан бергі ең үлкен жетістігіміз сол, бірде-бір өндірістік жарақаттануға жол берген жоқпыз. Сол тәрізді жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алу бойынша да кешенді түрде жұмыстар жүргізілуде, – дейді  ПЧ-39 мекемесінің еңбекті қорғаудың жетекші инженері Гүлзавира Елемесова.

Айта кетер жайт, еңбекті қорғау шараларын ұйымдастыруда жыл басынан бері кешенді жоспар жасалынып, қажетті көлемде қаражат бөлінген болатын. Әр тоқсан бойынша белгіленген қаржы толық игерілуде.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде