Облыс әкімі теміржолшылар әулетін марапаттады

Аймақтар
22.12.2025, 17:46
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда Жұмысшы мамандықтар жылының ресми жабылу салтанатында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай теміржолшы Тоғызбаевтар әулетін марапаттады.

– Еңбек адамы – ел мақтанышы. Жұмысшы мамандықтары – кез келген мемлекеттің индустриялық дамуының өзегі. Сондықтан жұмысшы мамандықтарына биыл ғана емес, жыл сайын жоғары деңгейде көңіл бөлінуге тиіс. Құрылыс, өндіріс, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты негізгі салалардың сапалы жұмыс істеуі – білікті жұмысшылардың қолында. Жастар еңбек жолын қарапайым жұмыстан бастап, тәжірибемен шыңдалып, содан кейін кәсіби деңгейін көтеруі қажет. Ең бастысы адал еңбек әрқашан бағаланады. Сіздердің еңбегіңіз – өңірдің тірегі, Маңғыстаудың дамуының негізі, – дей келе облыс әкімі кәсіби мамандарға алғысын айтып, марапаттарын табыстады.  

Жұмысшы мамандықтар жылының өңірлік қорытындысы ретінде ұйымдастырылған бұл іс-шараға өңірдің әр саласында абыройлы еңбек етіп, кәсібін ұрпақтан-ұрпаққа мирас еткен оннан астам еңбек әулеті қатысты. Солардың бірі – теміржолшы Тоғызбаевтар династиясы. Жалпы еңбек өтілі 159 жылдан асқан әулетте қазір үшінші ұрпақ бұл жолды жалғауда. Теміржолшылар династиясының негізін қалаған Қойшыбай Тоғызбаев түбек теміржолының ілкі жылдарынан бастап Маңғыстау локомотив депосында еңбек еткен. Отыз бір жыл темір жолда тер төккен ол ұл-қыздарын да ізін басар кәсіби мамандар етіп тәрбиелеген. Бүгінде екі ұлы мен үш қызы осы салаға қызмет етіп, маңдай терімен нәпақасын тауып жүр. Үлкен қызы Орынгүл техникалық қызметкер болса, екінші Бақтыгүлі депода жедел-техникалық есептеу бөлімінің басшысы. Назгүлі «КаскорТрансСервистің» табельдік есепке алу технигі. Ортаншы ұлы Бақтияр мен кенжесі Данияр екеуі де депоның тепловоз машинисі.  

– Ес білгелі әкем теміржолшы болып жұмыс істеді. Бәріміз ол кісіге қызығып, мамандығын таңдауды армандадық. Қазір біз балалары мен немерелері әкеміз еңбек еткен депода, әке мен ата жолын жалғастырып, әке абыройын асқақтатудамыз. Мамандығымыз – мақтанышымыз. Өзім бұл жолды таңдағаныма еш өкінген емеспін. Темірдей тәртіпке бағынып, ұқыпты болуды үйрендім, – дейді Бақтыгүл Қойшыбайқызы.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты