Жолсапар сәттілігі үйдегі көңіл-күйден басталады

Аймақтар
24.02.2026, 08:26
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол көлігін тізгіндеушілердің отбасы мүшелерінің қауіпсіздікке қосар үлесі орасан. Сондықтан олар да теміржолшылар секілді кейбір мүмкіндіктерге ие және өздеріне белгілі бір деңгейде жауапкершілік жүктейді.

Өйткені машинист пен машинист көмекшілерінің жолсапары сәтті болуы ең алдымен оның көңіл күйіне байланысты. Ал олардың жұмысқа ұйқысы тыныш болып, жақсы тынығып, жан тыныштығымен аттануына жағдай жасайтын кім? Әрине отбасы, ошақ қасындағы жұптары – жұбайлары.  

Жақында Маңғыстау локомотив пайдалану депосында депо басшылығы мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен локомотив бригадалары мүшелерінің өмірлік серіктерімен, кейбірінің аналарымен кездескен басшылық олардың машинистер жұмысындағы рөлінің маңызын жоғары бағалап, жұмысқа кетер алдындағы жағымды көңіл күйін қалыптастырып, ас-суын дайындап шығарып салатын жандарға алғыс айтты. Депо бастығының орынбасары Руслан Төлепбергенұлы мен Маңғыстау аймағындағы локомотив шаруашылығы бойынша ревизор Серік Төлен депо басшылығы мен кәсіподағы атынан оларды алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады.

– Жолсапарға аттанып бара жатқан адамға отбасындағы көңіл-күй ерекше әсер етеді, анаңның, жарың мен балаларыңның уайым-қайғысыз ойнап-күліп шығарып салуы кім-кімге де жан тыныштығын сыйлайды. Жол үстінде түрлі мәселемен хабарласып, уақытын алып, үйдегі проблемаларды айтып, назарын аудармауға тырысқан жөн, ол машинистің жұмысқа көңіл аударуын әлсірету деген сөз. Машинист қателікке бой алдырып, қауіпсіздікке нұқсан келуі де мүмкін. Сол үшін отбасы мүшелерімен кездесуде машинистер мен машинист көмекшілерінің кезекті рейске аттанар алдында дайындығының дұрыс болуын, демалуын қадағалап, жақсы атмосфера қалыптастыру қажеттігін түсіндірдік. Оларға берілетін жеңілдіктер мен төлемақылар туралы айттық, – деген депоның кәсіподақ ұйымы төрағасы Әбілсейіт Нәбихановтың айтуынша, локомотив бригадаларының отбасы мүшелеріне де біраз жеңілдік бар екен.  

Олар бірінші тоқсан мен төртінші тоқсанда Бурабайдағы С.Сейфуллин шипажайына барып демалуға болады. Үш жасқа дейінгі баласы бар декреттік демалыста отырған әйелдерге жол жүру билеттері төленеді. Ерлерімен қатар «Медикер» медициналық мекемесіне қаралуға құқылы. Егер әйел жұмыс істемейтін болса, олардың ақылы ота жасатуы немесе басқа да ақылы еміне кәсіподақ атынан жартылай болса да қаражатын көтеру қарастырылған.  

Еске сала кетсек, Маңғыстауда айналым деполарын қосқанда машинист пен машинист көмекшілерінің саны бес жүзден асады. «Бақ, қайда барасың?» десе, «Ынтымаққа барамын!» деген екен дейді халық тәмсілі. Демек, Бақ тұғыры – ынтымақ! Теміржол көлігінде жауапты тұлға машинистер отбасында тек бақ пен береке салтанат құрсын деген тілекпен тарасты жиналғандар.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды