Жаңару мен жаңғыру дәуірі

Аймақтар
05.05.2026, 09:15
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Пойыздардың үздіксіз қозғалысына жауапты құрылымдық мекеменің бірі электрмен жабдықтау дистанциялары соңғы жылдары жаңару мен жаңғыру дәуірін бастан кешуде. Бағдаршамдарды, станциялар мен электр қабылдағыштарды тоқ көзімен қамтамасыз ететін аса маңызды құрылғылар кезең-кезеңмен жаңаруда.

Бұл шешім өз кезегінде, магистральдық желілерді, өндірістік нысандардың электр және қосалқы станциялар мен жарықтандыру жүйелерін үздіксіз, сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі мүмкіндіктерді арттыруда. ЭЧ-21 Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Қайрат Сейдулда басқа құрылымдық бөлімшелермен салыстырғанда, бұл саладағы модернизацияның көрсеткіші жаңа құрылғы жабдықтармен – трансформаторлар мен ажыратқыш құралдардың жаңаруымен ғана емес, ең алдымен жұмысшыларға қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайын қалыптастырумен өлшенетінін жеткізді.  

– 2024 жылы Электрлендіру және энергетика департаментінің бастығы Рысбек Ахметбековтің қолдауымен ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, аулаға асфальт төселіп, бордюрлар жаңартылды. Тал-дарақ егіліп, гүл отырғызылып, айнала абаттандырылды. Осылай кезең-кезеңімен дистанцияға қарасты қосалқы тартқыш станцияларының да ғимараттары жаңғыртылуда. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады, – деді дистанция бастығы.  

Теміржол инфрақұрылымының қай кезеңде қалай жаңғырып келе жатқаны – тоғыз жолдың торабы Шу қаласындағы теміржолшылар әулетінен шыққан Қайрат Маралбекұлының көз алдында. Осы салада еңбек етіп келе жатқан төртінші буынның ұрпағы ретінде шойын жолдың даму тарихын жақсы біледі. Еңбек жолын осы дистанцияда қатардағы монтер болып бастаған. Қазір өркендеу дәуірі. Аймақтардағы филиалдарда, барлық құрылымдық бөлімшелерде модернизациялау жүріп жатыр. Заманауи құрал-жабдықтар мен техникалармен жабдықталуда, ендеше біз де одан қалыспауымыз керек дейді дистанция басшысы.  

Айтуынша, бүгінге дейін дистанцияға қарасты Түрксіб және Жамбыл қосалқы тартқыш станцияларында ВМУ-27,5 кВ, ВМК35 кВ үш май ажыратқышы бір полюсті 27,5-35 кВ вакуумдық ажыратқыштарға ауыстырылыпты. Ал Аспарада ескі май ажыратқыштардың төртеуі бірден жаңартылған.  

– Біздің негізгі міндетіміз – жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысын қамтамасыз ету үшін электр энергиясын тұрақты беріп отыру. Жалпы дистанциядағы 235 маман шығыс жақтан Аспарадан бастап, батыста Түлкібасқа дейін, Шудан – Таразға, Тараздан – Қаратау, Жаңатасқа дейінгі аралықта теміржол инфрақұрылымын энергиямен үздіксіз қамтамасыз етіп қана қоймай, трансформаторлық қосалқы станцияларды, жоғары кернеулі желілерді және кабельдік жүйелерді жоспарлы жөндеу, диагностикалау және модернизациялаудан өткізуге жауапты. Әр станцияда біздің цехтарымыз, қосалқы тартқыш станцияларымыз бар. Көршіміз – қырғыз еліне қарасты Маймақ станциясында да мамандарымыз жұмыс істейді. Темір жол үстіндегі түйіспелі тораптың дұрыс жұмыс істеуін қадағалап, жоспарлы жөндеу жүргізіп, электр желілеріндегі қондырғыларды сапалы қамтамасыз етіп жөндеу, қысқа тұйықталулардың алдын алып, электр қондырғыларын пайдаланудың ережелеріне сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұдайы бақылауда ұстаймыз.

Соңғы жылдарда дистанция бойынша қосалқы тартқыш станцияларымызда маңызды рөл атқаратын құрылғылардың басым көпшілігі жаңарды. Аспарада бұрын майлы ажыратқыштар ескі болатын. Майы ағып, қиын жағдайда тұрған. Қазір екі полюсті – үш және бір полюсті вакуумдық ажыратқыш орнаттық. Сонымен қатар екі полюстіден Түрксібте – бір, бір полюстіден Жамбыл қосалқы тартқыш станциясына екі жаңа қондырғы орнатылды. Жамбыл жөндеу-тексеру учаскесі үшін май тазалау жабдығы, тұрғын үй модульдері үшін бір КТПН-40/10кВА жиынтық-трансформаторлық қосалқы станциясы сатып алынды, – деп түсіндірді Қайрат Маралбекұлы.  

Мамандардың айтуынша, бүгінде дистанция бойынша қорғау блоктары жаңартылып, электр желілеріндегі ақауларды жедел анықтау және жою жұмыстары едәуір жеңілдепті. Айталық, бұрын қай жерде ақау болғанын аралап жүріп анықтаса, қазір жаңа құрылғының экрандағы таблосы арқылы шақырымы дәл көрсетіліп тұрады екен. Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясында тек құрылғылар ғана емес, кезең-кезеңімен техникалар да жаңартылуда. Атап айтсақ, былтыр бір жаңа автокөлік беріліп, оны дистанция басшылары Түрксіб қосалқы тартқыш станциясына тапсырыпты. Жалпы өндірістік мекемеде бұдан бөлек бригадаларды тасымалдайтын 6 автокөлік, бензовоз, УАЗ, самосвал, бір дизель машинасы, сондай-ақ арнайы лабораториясы бар.  

Электр қондырғыларды сапалы қамтамасыз етіп жөндеу және жұмыс сапасын арттыру үшін биыл Электрлендіру және энергетика департаменті тағы да жаңа автокөлік пен АДМ – Дрезина беруді жоспарлап отыр екен. Ал бұл – электрмен үздіксіз қамтамасыз етуде мүмкіндік арта түседі деген сөз.  

 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты