Ардагерден бата алды

Аймақтар
13.05.2026, 13:32
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау локомотив депосының басшылығы және кәсіподақ ұйымы депода еңбек еткен ҰОС тыл ардагері Жұма Сүйіндіковті Жеңістің 81 жылдығымен құттықтап барып, хал-жағдайымен танысып қайтты.  

Бүгінде Жаңаөзен қаласының Теңге ауылында тұратын қария биыл 96 жасқа қарады. Әріптестері келді дегенде ардагер жатқан орнынан бас көтеріп, келгендермен қуана амандық-саулық сұрасты. Қонақтар құрметіне қатарда отырып, батасын беріп, ризашылығын білдірді. Қарттық қысқан жүзіне қуаныш үйіріліп, өткен кеткенді сұрап, мәз-мейрам болды. Еңбектегі жылдарын еске алды. Депо басшылығы мен кәсіподақ төрағасы ақсақалға ақжарма тілегін арнап, ол кісінің ел үшін де, депо шаруашылығында да еңбегі орасан екенін тілге тиек етті.  

Жұма Сүйіндіков түбектің локомотив шаруашылығында көп жыл қызмет еткен. Зейнетке шықса да жұмысын жалғастырып, артында талай шәкіртті тәрбиелеп шығарған мәртебелі машинистерден.  

1930 жылы туған ол ҰОС басталғанда Түркіменстанның Молотов колхозында қойшы көмекшісі, егінші болып тылды бекемдеу жұмысына араласқан. Соғыс аяқталғасын 1946 жылы Краснаводск қаласындағы ФЗО-да жарты жыл тепловоз машинисінің көмекшісі кәсібіне оқып, құжатын алып Уфра қаласына аттанады. Уфрада сол мамандық бойынша жұмыс істеп, соғыстан кейінгі жылдардағы қалпына келтіру жұмысына атсалысады. 1950 жылы әскер қатарына алынып, төрт жылдан соң ауылына оралғасын машинист курсын оқиды. Маңғыстауға 1966 жылы алғашқы теміржолшылардың бірі болып келіп, зейнеткерлік жасына жеткенге дейін депода еңбек етеді.  

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды