Үздік вагон депосы – Маңғыстауда

Аймақтар
21.08.2026, 09:16
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жақында «ҚТЖ» ҰК» АҚ өткен жылғы өндірістік қызмет қорытындысын шығарып, компанияның үздік еңбек ұжымдарын жариялады. Маңғыстау вагон пайдалану депосы «Үздік вагон депосы» атанып, ауыспалы туды жеңіп алды.

Ұжымның кәсіби шеберлігі мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауының, өндірістік көрсеткіштерді тұрақты орындауының нәтижесі болған бұл марапаттың арқасында деполықтарға енді лауазымдық жалақысының 5 пайызы мөлшерінде ай сайын үстемеақы төленеді. Бұл сыйақыны олар бір жыл бойы алатын болады.  

Астанадан айтулы марапатты алып келген депо директоры Ерболат Саулебаевты құттықтап, мекеменің қазіргі жұмыстарымен танысқан едік. Естуімізше, биылғы жыл – вагоншылар үшін ерекше жыл. 1981 жылы іргетасы қаланған депоның ашылғанына биыл 45 жыл толып отыр. Сонымен қатар үздік мекеме енді «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еншілес ұйымдары арасындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша «Сенім сертификатын» алудан үмітті. 7, 10, 15 жылдан астам уақыт бойы өндірістік факторлармен байланысты жарақаттану жағдайлары кездеспегені үшін берілетін сертификатты алуға лайықты көрсеткіштері бар көрінеді.  

– Бұған дейін басқа марапаттарымыз болғанымен, Қазақ темір жолының бойындағы барлық депо арасында «Үздік вагон депосы» атануымыз депо тарихында тұңғыш рет. Бұл – барлық көрсеткіш бойынша берілетін марапат. Оның ішінде еңбек қауіпсіздігі, қозғалыс қауіпсіздігі, вагон жөндеу жұмыстары, еңбек және ішкі тәртіп бойынша, тапсырмалардың уақытында орындалуы, т.т. бар. Соңғы 3-5 жылдағы көрсеткіштерді назарға алып, өндірістік жарақат, өндірістік ақаулықтар болмауы, басшылық пен жұмысшылар құрамында еңбек тәртібінің бұзылмауы – бәрі есептеліп, берілген баға деп білеміз. Енді деподағы барлық қызметкерге осы айдан бастап келесі жылғы осы уақытқа дейін бес пайыздық сыйлықақы тағайындалады. Бұл оларды еңбекке ынталандырып, әлеуметтік жағдайына оң әсер етеді. Әрі бұл марапат депомыздың мерейтойына зор тарту болып есте қалады, депо тарихында сақталады, – деп ағынан жарыл ды Маңғыстау вагон пайдалану депосының директоры Ерболат Саулебаев.  

Оның айтуынша, 45 жыл ішінде депо құрылымдық-техникалық жағынан іргелі кәсіпорынға айналған. Үстіміздегі жылы тағы да кеңейіп, штаты көбейіп, «КаскорТрансСервис» жекеменшік кәсіпорнын қосып алған. Нәтижесінде вагон шаруашылығы жұмыстары арта түскен. КТСМ қондырғылары жылдан жылға жаңаруда екен. Осы жылы екі ғимарат күрделі жөндеуден өткізілмек. Бірі Сайөтестегі вагон қараушылар отыратын ғимарат болса, екіншісі – Маңғыстау станциясындағы вагон қараушылар жуынатын орын. Өткен жылы жұмысшыларды таситын жаңа автобус алынып, қызмет көрсетуде. Жұмысшылар саны «КаскорТрансСервистен» келген 14 жұмысшыға толығып, штат бүгінде 471 адамға жеткен. Депоның құрамына ұқсас қызмет атқаратын жекеменшік кәсіпорынның қосылуы артық шығындардан, кейбір кедергілерден арылтып, тарифтерді арзандатуға септік еткен.  

Депо басшылығы еңбекті қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөліп, жұмысшыларды қажетті құрал-жабдық, киімдер және сүт, сабын секілді өнімдермен уақтылы қамтамасыз етілуін назарда ұстайды. Жұмысшылар өндірістік қауіпсіздік, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі бойынша курстарға кестеге сай жіберіліп, білімін арттырып отырады. Техникалық кабинеттер талапқа сай жабдықталып, жұмысшыларға жоспарлы және жоспардан тыс түрде техникалық сабақтар жүргізілуі қатаң қадағаланады.  

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды