Қағазсыз технология – уақыт талабы
Аймақтар
19.01.2018, 18:48
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ - «ЖТ Атырау бөлімшесі» өткен жылды да табысты аяқтап, сан мен сапа жағынан өзге бөлімшелердің көш алдында тұр десек артық айтпаймыз. Жоспарға сай қауіпсіз қызметті ұйымдастырып, бөлімше алдындағы міндетті артық шығынсыз орындаған ұжымның биылғы жылғы аяқ алысы да жаман емес.
Өткен жылдың табысына келсек, алдымен жүк айналымы көрсеткішіне басымдық береміз. Бұл тұрғыда Атырау ЖТ бөлімшесі бойынша пайдалану жүк айналымы 103,7 пайызға, вагонның орташа тәуліктік өнімділігі 117,4 пайызға, жүк вагонының орташа тәуліктік жүрісі 114,5 пайызға артты. Жұмыс вагоны айналымының орташа уақыты 114,7 пайызға, жергілікті вагон айналымының орташа уақыты 105,9 пайызға, вагонға статистикалық жүктеме 100,2 пайызға жетті.
Өткен жылмен салыстырғанда негізгі көрсеткіштердің барлығы орындалды. Дейтұрғанмен де, басқарма жоспарына 2 пайдалану көрсеткіштері аздаған төмен көрсеткішті көрсетті. Сәуір айындағы жүк тиеу жоспарының жоғары берілуі салдарынан жүк тиеу 95,1 пайызға орындалды.
Алайда бұған себеп бар. Жүк тиеу жоспарының төмендеуі ірі жүк жөнелтуші «Теңізшевройл» ЖШС зауытында тамыз және қыркүйек айларындағы күрделі жөндеу жұмыстарының жүруі салдарынан күкірт және сұйытылған көміртекті газын тиеудің азаюынан, сонымен қатар тамыз айының 18-нен қыркүйек айының 19-на дейінгі аралықта «АНПЗ» ЖШС зауытында капиталды жөндеу жұмыстарының және 11-ші желтоқсанда «АНПЗ» ЖШС зауытының аумағында өрт болуы салдарынан жылдың соңына дейін жүк жөнелтуші «БатысТрансГрупп» ЖШС мұнай өнімдерін тиеу көлемінің тәулігіне орташа есеппен 100 вагонға төмендеу салдары кері әсерін тигізді.
Бұдан басқа жүк пойызы қозғалысының орташа техникалық жылдамдығы 99,5 пайызға орындалды. Оның себебі жылдамдықты төмендетуге берілген ескертпелер санының қазан мен желтоқсан айларының орталығында артуы және қаңтар айында, наурыз айының үшінші аптасында ауа-райының күрт төмендеп, қалың тұман мен күшті желдің тұруы болды.
Осы жағдайлармен қатар бұл көрсеткішке машинистердің қағаз маршрут бетшелерінен электронды маршрут бетшелеріне көшуі, электронды маршрут бетшелеріндегі қателердің қайталануы да себеп болған көрінеді.
Өткен жылдың еншісінде жолаушылар пойыздарының тасымалы 95,3 пайыз болып, 0,6 пайызға ғана кемісе, керісінше жүк пойыздарының қатынасы 98,8 пайыз болып, өткен жылмен салыстырғанда жақсы көрсеткіш көрсетті. Қауіпсіздікке аса мән беріп, бұл бағытта профилактикалық жұмыстарды арттыру нәтижесінде 2016-2017 жылы Атырау ЖТ бөлімшесі бойынша өндірістік жарақаттанушылыққа жол берілмеген.
Өткен жылдың кірісі мен шығысын айтар болсақ, қосалқы көмек кірісінің қызметі жоспарға қарағанда 150 пайызға орындалып, 109 млн. 123 мың теңгені құрады, соның ішінде ағымдағы ажырату жөндеу жұмыстарынан 79 млн.теңге (жоспарға 296%), бөлмелерді жалға беруден – 12 млн.теңге, басқа да қызметтерден – 18 млн.теңге пайда түскен. Жалпы қаржылық нәтижесі 32 млн. теңгені құрады.
Жалпы 2017 жылдың 12 айында қойылған міндеттер толығымен орындалды. АСУ ДКР арқылы жүк құжаттарының рәсімделуі – 97,29% құрады. АСУ ДКР Ақжайық, Құлсары, Махамбет, Атырау, Мақат, Ганюшкино, Сазанқұрақ, Аққыстау, Сағыз, Қарабатан, Теңдік, Доссор станцияларында және де мемлекетаралық түйiсу бекеті Ақсарай-2 станциясына кірістірілген.
Бір пойыз телімінде орындалған қозғалыс кестесін жүргізудің қағазсыз технологиясы Атырау – Исатай телімінде және де Атырау, Махамбет, Аққыстау, Сазанқұрақ станцияларына енгізілген. Машинистің электрондық маршруты 100 пайыз енгізілген. «Тастанды» пойыздар мәселесі өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға азайған.
Өткен жылды осылай табысты қорытындылаған мұнайлы өңірдің теміржолшылары биылғы жылға белгіленген міндеттерді де абыроймен орындауға үмітті. Айталық, Сағыз, Теңдік станцияларында автоматтандырылған жүйесімен басқару (АСУ СТ-Узел) қондырғысын орнату, «Электронды счет-фактура» енгізу және теміржолшыларды сонымен жұмыс жасауға машықтандыру биылғы жылдың үлесінде . Теміржолшылар қағазсыз технология – уақыт талабы екенін жақсы біледі және оған дайын. Сайып келгенде, қағазды электрондық нұсқаға ауыстыру арқылы уақыт ұту процесі теміржол саласына да келді. Елбасының Жолдауында міндеттелген цифрландыру жүйесі теміржол саласының өркениетті елдердегідей дамуына, шығынды азайтып, уақытты үнемдеп, адами капиталға мән беруіне ықпал ететін болады.
Тұрсын Калимова, Атырау
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты