Жасұлан Рысқалиев, Ақтөбе ЖТ бөлімшесі техникалық бөлімінің басшысы: Контейнерлік пойыздар тасымалы артқан

Аймақтар
06.12.2018, 08:14

"ҚТЖ - ЖТ" АҚ филиалы – Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі еліміздің өндіріс әлеуетін арттыру мен жүк тасымалының барыс-келісін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. 1 514 км-ге созылған теміржолда қауіпсіздік пен тасымалды қамтамасыз етіп отырған бөлімшеде ірілі-ұсақты 96 станция жұмыс жасап тұр.  

Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы Жасұлан Рысқалиевтің мәліметінше, ағымдағы жылдың өткен он айында бөлімше межелі жоспарды артығымен орындауға қол жеткізген. Негізгі қор құрайтын көрсеткіштер толығымен орындалып, оның ішінде жүк айналымы 100,1 пайыз көрсеткішті құраған.

– Биылғы жылдың он айында жүк айналымы 17 млн 137 тоннаны құрады. Ал жоспар 17 млн 113 тонна болатын, яғни 24 тонна артық орындалған. Бұл көрсеткішті өткен жылмен салыстырғанда 107,7 пайызға артық. Ал жүк тиеу көрсеткіші белгілі себептермен жоспарға жетпей қалды, 98,6 пайыз орындалған. Бұл жерде тапсырыстың аздығынан пайыздық көрсеткіш сәл төмен болды. Сонымен қатар, пойыздардағы жанар-жағармай жұмсау шығыны он айдың көлемінде 0,005 пайызға артық. Яғни 45 тонна артық жұмсалған. Бірақ, өткен жылмен салыстырғанда 2 186 тонна үнемдеп отырмыз. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін шығынсыз жоспармен орындаймыз деген ойымыз бар, – дейді Жасұлан Рысқалиев .

Еліміздегі өндіріс тауарлары мен астық экспорттау жұмыстарының барлығы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы арқылы жүзеге асып отырғаны белгілі. Кедергісіз, жоғары жылдамдықта жүретін контейнерлік пойыздар қозғалысының тиімділігі өңірден өтетін контейнерлік пойыздар легін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» маршруты бойынша соңғы жылдары айтарлықтай өсірген. Ағымдағы жылдың он айы ішінде Ақтөбе облысы арқылы 2000-ға жуық контейнерлік пойыз өткен. Нақтыласақ, 1 717 контейнерлік пойыз өтіп, өткен жылмен салыстырғанда 87-ге артқан. Контейнерлік пойыздар – уақыт талабы екенін ескерсек, ақтөбеліктер бұл бағытта алдыңғы лектен көрінуде.

Ал осы контейнерлік пойыздардың басым бөлігін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» және «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» бағытындағы пойыздар құраған. Соның ішінде Еуропадан Қытай еліне қарай он айдың ішінде 757 пойыз жөнелттік. Керісінше, Қытайдан Еуропаға қарай 935 пойызды жіберіп отырмыз. Жоғары жылдамдықтағы ол пойыздар тәулігіне 1 260 км жол жүріп отырады. Олардың еш жерде мезгілсіз тоқтамай жүріп отыруы, жолындағы қауіпсіздіктің жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі үшін аймақ теміржолшылары күндіз-түні еңбектенуде.

 Аймақ теміржолшылары қыс маусымына толық дайындықпен келді. Тамыз айының басынан бастап техникалық көмір жеткізу жұмыстары жүргізіліп бастап, күні бүгінге дейін тоқтамаған. 3,4,5 класты станцияларда тұратын теміржолшылар мен зейнеткерлерге көмір күз айының басында толықтай жеткізіліп берілген. Ал техникалық көмірді тасымалдау жылыту маусымы басталған кезден жүргізіле бастап, бүгінде жоспарланған көлемі толық жеткізілген. Жалпы, Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі 345 тонна алып отыр. Сонымен қатар 26557 тонна бюджеттік көмір келіп отыр. Олар Жіңішке, Қарауылкелді, Мәртөк, Қандыағаш, Ащысай, Шалқар, Бершүгір станцияларына түсірілген. Бұдан бөлек 8765 тонна көмір темір жол ұйымдарына жеткізіліпті. Ақтөбе магистральдық желісі бойынша 2056 тонна техникалық көмір жеткізілген.

– Біз техникалық-өндірістік бөлім болғаннан кейін жұмысшылардың арнайы киім және шаруашылық заттарымен қамтамасыз етілуін қадағалап отырамыз. Биыл «первозимниктер» қатары көп. Сонау cәуір айынан бастап аймақтағы мекемелерге жаңадан жұмысқа қабылданған мамандар саны 213 адамды құрайды екен. Оның ішінде жүк тасымалы бойынша – 132 адам, Ақтөбе локомотив депосында – 18 адам, Қандыағаш локомотив депосында – 12 адам, Жем локомотив депосында – 21 адам, Вагон депосында 30 адам жұмысқа қабылданған. Бұл 213 адамның барлығы қазіргі таңда жылдың басынан алынған шартқа байланысты арнайы жұмыс киімімен қамтылған. Жалпы №375 бұйрық негізінде әрбір адамға бөлінген арнайы киім қанша мерзімге жарамдылығын ескеріп, оны уақытында алмастыруын жете қадағалап отырамыз, – дейді техникалық бөлім бастығы.

Қазіргі уақытта бөлімше бойынша жұмысшылардың білім деңгейін көтеру мақсатында және техникалық оқуға ерекше назар аударуға бағытталған шара жүріп жатыр екен. «Технической учебе - особое внимание!» атты айлық 1-30 қараша аралығында өткізу жоспарланған. Осыған орай бөлімшеде жасалынатын жұмыстарға қатысты бұйрықтар шығарылып, белгілі іс-шаралар жүргізілуде. Айта кетсек, айлық аясында жоспардан тыс 3 тексеріс жіргізіліп, оның төңірегінде жалпы техникалық сабақ берушінің дайындығын, қолдану материалдарының, техникалық сабақ өткізу сапасына көңіл бөлінуі жоспарланған. Бүгінгі таңда Сарысай, Дөң және Қандыағаш станцияларында тексеру жұмыстары жүргізіліпті. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер талданып, оларды жою шаралары алынған.     

Ардақ ЕРУБАЕВА, Ақтөбе


Аймақтар
26.07.2024
Таразда кәсіподақтың ұйытқы болуымен футбол алаңы ашылды
Жолаушылар тасымалы
26.07.2024
Жолаушылар пойызындағы бір күн
ҚТЖ келбеті
26.07.2024
Тілдей таспада талай сыр бар
Темір жол тарихы
26.07.2024
Сауатты кадрлар ғана салада оң өзгеріс жасайды – ардагер
Жүк тасымалы
26.07.2024
Контейнерлік тасымалдың инновациялық үрдістері
Жүк тасымалы
26.07.2024
Иран-Қытай көлік бағыты жаңартылуда
Жаңалықтар / Мұрағат
26.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №61 26 шілде 2024 жыл
Жүк тасымалы
25.07.2024
ЕАЭО елдері теміржол көлігін дамыту мәселесін талқылады
Жүк тасымалы
25.07.2024
Атырауда жүк тасымалы межеден асып түсті
Әлеумет
25.07.2024
Қызылордалық 20 бала «Туған жерге саяхат» турымен Астанаға аттанды
Темір жол тарихы
25.07.2024
Паровоз тізгіндеген қазақ қызы
Жолаушылар тасымалы
24.07.2024
Пойызға билетсіз мінгізгені үшін жұмыстан шығарылды
Жаңалықтар
24.07.2024
Құрық теңіз порты мен Транскаспий халықаралық көлік бағытын байланыстыратын жол күрделі жөндеуден өтті
Жаңалықтар
24.07.2024
Кірме жолдарды мемлекеттік меншікке беру рәсімі аяқталды
Әлемде
23.07.2024
Германияда Еуро-2024 кезінде қалааралық пойыздармен 12 миллион жолаушы тасымалданды
Әлемде
23.07.2024
Еуропалық Одақ көлік жобаларына 7 миллиард еуро бөлмек
Жүк тасымалы
23.07.2024
ҚТЖ астық тасымалына дайындығын пысықтауда
Қауіпсіздік
23.07.2024
Атырауда техникалық-әдістемелік сабақ өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
23.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №60 23 шілде 2024 жыл
Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады